Accessibility links

Он жылдан аса уақыт бұрын несиеге пәтер алған азаматтардың 628-і борыштарын өтей алмай отыр


Он жылдан аса уақыт бұрын несиеге пәтер алған азаматтар борыштарын өтей алмай, баспанадан айырылу қауіпінде қалуда. Парламент депутаттары осы проблеманың түйнін шешуге төрт жыл бойы күш салыпты. Оның шешімі бүгінгі күні парламент қарауында жатқан «Қазақстан Республикасынының кейбір заң актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы болады деген уәж бар. Алайда, заң жобасы сенат депуаттарының үлкен пікірталасын туғызды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Татьяна Мужчильдің айтуынша, заң жобасы төлем қабылеті жоқ борышкерлерді қорғауға арналған.

1993 жылғы қыркүйек айындағы Қазақстан Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы » Жарлығына сәйкес республикалық бюджет есебінен 30 жылға несиелер берілді. Келісім-шарт бойынша несиемен есептесу АҚШ долларының биржалық курс бағамы бойынша теңгемен төленетіндігі көрсетілген.

2002 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша 2622 борышкер болған. Ал, осы жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша 6,5 миллион доллар қарызы бар 1708 борышкер қалған. Аталған заң жобасы 2002-2003 жылдар аралығында қарызын өтемеген 628 борышкерге ғана қатысты. Олардың қарызы 292 миллион доллардан асады. Бұл негізгі қарыздары мен өсімдері, дейді Татьяна Мужчиль.

Сенат депутаты Светлана Жалмағанбетованың айтуынша, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алғандар теңге құнының өзгеруінен несиені өтей алмай отыр. Ал, банк оларды баспанадан шығаруға дейін барған.

«Біраз адамдар несиені төлей алмай «Центр кредит» банкі сол үйден шығаруға жақындады. Осы салада 318 бюджет қызметкері, 65 зейнеткер, 91 жұмыссыз жүргендер өз қарызын өтей алмай үйден шығудың бер жағында жүр» дейді депутат Жалмағанбетова.

Оның айтуынша, несиенің иесі Үкіметпен шартқа отырады. Үкімет коммуналдық пәтер ретінде сатып алады. Ал, азамат сол пәтерде тұра береді. Егер тұрып жатқан пәтерін жекешелендірем десе үкіметтің сатып алған құнын төлеп, жекеменшікке алуға болады.

Қазақстанның Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің айтуына қарағанда, аталған заң жобасы басқа ипотеалық қарым-қатынастарға қатысы жоқ. Ол Президенттің 1993 жылғы «Тұрғын үй саясаты туралы» Жарлығынан туындаған борышкерлерге ғана байланысты.

Сенат депутаты Зәуреш Батталова, аталған заң жобасы азаматтарды емес банкті қолдайды деген пікірде.

Депутат Батталова, несиені қайтаруға қауқарсыз адамдар жақын уақыттарда оны төлей алмайды. Нәтижесінде пәтр коммуналдық меншікте болады. Оны сатып ала алмайсың кімге жазылғаны белгісіз. Ал, меншік құқығы бар адамға бір жағдай болса, онда отбасы түгел далада қалады. Бұл құқық қалай реттеледі деген алаңдаушылығын білдірді. Ал, депутат Асқар Қожағалиевтің пікірінше, несиенің бір бөлігін төлеген кредитордың пәтері қалай коммуналдық меншікке айналмақ, ең болмағанда ол ортақ меншік болуы керек.

Пікірталас туғызған заң жобасы сенат енгізген ұсыныстармен Мәжіліс қарауына жіберілді.
XS
SM
MD
LG