Accessibility links

“Жас Алаш” газетіне ұлтаралық араздықты қоздырушы басылым деген айып тағылып отыр


Маусым айының 15-і күні “Жас Алаш” газетінің бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек “Жас алаш” газетіне ұлтаралық араздықты қоздырушы басылым деген айып тағылып отырғандығы жөнінде мәлімдеді. Оған газеттің мамырдың 27-сі күнгі кезекті санында жарияланған “Солтүстіктегі қазақтардың қамын кім ойлайды?” деген оқырман хаты себеп болған. Осы хатқа байланысты президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев пен Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов “Жас алаш” газеті ұлтаралық араздықты қоздырып жатыр деген айып таққан. Бас редактор Жүсіпбек Қорғасбек осы мәселеден құлақдар болған бірқатар қоғам қайраткерларі мен зиялы қауым өкілдерінің бастамасымен “Жас Алаш” газетін қорғау жөнінде қоғамдық комитет құрылды. Олардың тізімі газеттің 15 маусым күнгі санында жариялағанды. Депутат Серік Әбдірахмановтың “Жас Алаш” газетіне тағып отырған басты кінәсі қандастар деп неге айтасыңдар? Қандас айтуға қандай қақыларың бар? – дейді. Алайда біздер бұл тағылған айыппен келіспейміз. Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев екеуі ақылдасып алғандай ұлтаралық араздықты қоздырып отырсыңдар,- дейді. Біз бұл айыпты мойындамаймыз. Себебі, ұлтаралық татулықты біздей насихаттап, біз оның нығаюына үлес қосып жатқан басылым санаулы,- деп есептейміз. Жүсіпбек Қорғасбек мырза ҚР Ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтан аталған мәселеге байланысты ұлтаралық мәселелерде ұқыпты болу керектігін ескерткен хат алғандығын айтты. -Ертең желдің қай жақтан соғарын білмеймін. Ал хатта министр Сауытбек Әбдірахманов “Жас Алаш” газетіне қауіптің жоқ екендігін айтты.

Осы мәселеге қатысты президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевқа телефон шалғанымызда ол кісімен тідесу мүмкін болмады. Ал депутат Серік Әбдірахмановтың пікірі төмендегідей болды. -Егер мақаламен оқып таныссаңыз ешбір тілмашсыз-ақ түсінесіз. Бұл дегеніңіз ұлтаралық араздықты қоздыру. Ұлттарды бір-біріне айдап салу.

Ал “Жас Алаш” газетін қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің мүшесі Асылы Османованың орын алған жағдай туралы пікірі төмендегідей. -“Жас Алашқа” қатысты мәселеге келсек ұлтаралық араздықты қоздыратын ештеңеде жоқ. Мұнда тек қана шындықты айтқаны үшін кінәлі болып отыр.

Саясаткер Сейдахмет Құттықадам болса үкіметке сын айтқызбаудық, шындықты тұншықтырудың бір түрі,- дейді. -Бұл жерде газеттің саяси позициясы басты мәселе болып отыр. Сол позицияға басқа жағынан тиісу қиын болғандықтан ұлттық мәселені сылтау етіп отыр.

Осы мәселеге байланысты пікірін білдірген халықаралық “ӘДіл сөз” қорының өкілі Ғалия Әженова ұлтаралық араздықты қоздырады деп мәселені ушықтыруға ешқандай негіз жоқ,- дейді. -Бұл қазақ тілі болсын, орыс тілі болсын барлық тілдердің сөздік қорын пайдалану мүмкіндігін шектеу. Заң бойынша бұқаралық ақпарат құралдары тұлғаның арына, намысына, іскерлік беделіне тиісуге құқы жоқ. Ешкімнің арын қорламауымыз керек. Ал Ермұхамет Ертісбаев пен Серік Әбдірахмановтың “Жас Алаш” газетіне тағып отырған айыптары негізсіз.
XS
SM
MD
LG