Accessibility links

АҚШ президенті Буштың айтуынша, маусымның 30ынан кейін АҚШ радикалды мұсылман шииттері көсемі Моқтада ал-Садрдің саяси іс-әрекетіне араласпайды.


АҚШ президентінің айтуынша, АҚШ егемендік құқығын Ирақ үкіметіне өткізгеннен соң, ал-Садр мәселесімен, маусымның соңынан бастап, жаңа басшылық шұғылданатын болады. - Толық егемендік дегенде, біз, егемендік құқықтың түгелдей Ирақтың жаңа үкіметіне өткізілуін түсінеміз. Ал-Садрмен солар келісе жатар, - деген президент Буш. Ал сейсенбі күні, өтпелі кезең президенті Ғази ал-Йауер, егер ал-Садр өз қарулы тобын таратса, болашақта Ирақ ұлттық саясатына араласа алады, деген. Көмекшілерінің айтуына қарағанда, Ал-Садр 2005-жылғы сайлауда қатысу үшін өз саяси партиясын құрмақ көрінеді.
XS
SM
MD
LG