Accessibility links

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне мемлекет көңіл

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Қазақстан Зейнетақы қорларының қауымдастығы елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істегеніне бес жылдан бері аталған сала ісі әлі белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткізе алмай келеді дейді.

Қауымдастық дерегі бойынша соңғы жылы зейнетақы қорларының орташа табыс коэфиценті 4,67 процентті құраған. Ал оны өткен 12 айдағы инфляция деңгейімен салыстырып қараса, әлгі табыс көлемі 1,81 процентке төмендеп кетеді екен. Осының салдарынан бір ғана өткен мамыр айында зейнетақы активтері бойынша нақты табыс көлемі 0,88 процентке азайып кеткен. Сондықтан да аталған салаға мемлекеттік деңгейде айрықша көңіл бөлінуі керек дейді қауымдастық басшылары.

Биылғы жылдың бас кезінде АҚШ Конгресі Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі зейнетақы жүйесін ерекше атап, оны ТМД елдеріне үлгі ретінде ұсынған болатын.

Алайда, бұл жүйенің соңғы кездердегі аяқ алысы шабан, тіпті қорлардағы табыс күрт кеміп барады. Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі қажет дейді аталған қауымдастық төрағасы Айдар Әлібаев.

Ал, «Ұлар-Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы директоры Бауыржан Қарабек соншалықты дабыл қағу қажет емес, жүйе орнықты, тек оны уақыт ағымына қарай ыңғайлай білу керек дейді.

Сондай-ақ, мамандар мұндағы басты кемшіліктің тағы біріне жүйеге барлық халықтың толық тартылмауын айтып отыр. Айталық, біз әңгімеге тартқан Алматы тұрғындарының бірі ешқандай қорға тіркелмесе, екінші біреулері қордағы өз есептерінің жайларынан хабарсыз екендерін алға тартты.

Сөйтіп, Қазақстанның зейнетақы қорларының қауымдастығы осы мәселеге қатысты халықарылық конфенренсия ұйымдастырып, онда көтерілетін нақты ұсыныстарды үкіметке жолдайтындықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG