Accessibility links

Кадр алмасуларда жаңа адамдар аз кездеседі


Мемлекет Басшысының өкімімен Қазақстанның Президент әкімшілігінде кадр алмасулар болды және Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің төрағасы жаңарды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Мемлекеттік құқық басқармасының бастығы болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды. Мұхамеджанов мырза, бұған дейін де Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды және Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Ұйымдастыру бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы болып Нұрлан Нығматтулин тағайындалды.

Ал, Конституциялық Кеңес төрағасы Юрий Хитриннің басқа жұмысына ауысуына байланысты бұл лауазымға дейін Прзеидент Әкімшлігі басшысының орынбасары-Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы болған Игорь Рогов тағайындалды.

Соңғы кадр алмасуларға парламент депутаттары әр қырынан қарайды. Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев кейінгі өзгерістерді үлкен саясаттан туып жатырған мәселелер деп есептемейді.

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей Президент әкімшілігі басшысының орынбасары-Ұйымдастыру–бақылау жұмысы және кадр саясаты басқарамасы бастығы болып тағайындалған Нұрлан Нығматтулинді көптен бері ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқан азамат деген пікірін айтты.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдин кадр алмасуларда жаңа адамдардың сирек болатынын айтады.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның айтуынша, соңғы кадр алмасудың екі мағынасы бар. Біріншісі, «Отан» партиясының беделін көтеру. Себебі оның аппаратының жетекшісі Президент әкшілігі басшысының орынбасары болды. Бұл бір. Екіншіден, сайлаудың алдында демократиялық, оппозициялық топтардан адамдар көбейеді.Көп мәселе конституциялық кеңеске түседі, дейді Сейдахмет Құттықадам.

Ал, Философия ғылымдарының докторы Қамалбай Марданов алмасып жатқан кадрлердің портретттері өзгермейтінін айтты.

Кадр алмасуға байланысты пікір білдіргендер орынтаққа тағайындалғандардың бұрыннан келе жатқан кадрлер екенін айтса, енді бірі оларды білікті мамандар санатынан көретіндерін алға тартты. Ал, кейбірі бұл өзгерістердің алдағы сайлау науқаны алдындағы дайындықтың барысы дегенді айтып отыр. Бұл өзгерістерге көңіл бөлмейтіндер де бар болып шықты.
XS
SM
MD
LG