Accessibility links

Қастандықтар салдарынан Ирақтың мұнай экспорты тоқтап қалды.


Өткен түні Басра қаласы маңында мұнай құбырына тағы да шабуыл болды. Кеше Басра маңында мұнай құбыры қопарылған еді. Мұнай құбырларына жасалынған қастандықтар салдарынан Ирақтың мұнай экспорты тоқтап қалды. Құбырларды жөндеуге бір апта уақыт кетеді делініп отыр.АҚШ әскеріне қарсы соғысып келген шиит көтерілісшісі Мұқтада Ал-Садр өз қол астындағы Мехди әскерін қасиетті қала Нажафты тастап шығуға бұйырды. Тек Нажаф қаласында тұратын жауынгерлердің ғана қалада қалуына рұқсат етті.

Бүгін Ирақтың Рамади қаласында жол жиегінде қопарылған бомбадан 4 ирақтық опат болды. Қопарылыс АҚШ азаматының аутокөлігі жанында орын алды.
XS
SM
MD
LG