Accessibility links

Иран президенті Мохаммад Хатамидің сәрсенбі күні ескерткеніндей, егер Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Иранға қарсы қатаң қаулы шығарса, онда Иран өзінің байытылған ұранын өндіруді тоқтатпайтын болады.


Иран президенті Британия, Германия жане Франция дайындағын қаулы жобасын өте нашар және Қару-жарақты таратпау жөніндегі шарт талаптарына қайшы іс деп бейнелеген. Жасалған қаулы жобасына орай, алдағы айларда Ирандағы ядролық қару-жарақ бағдарламасы өз жұмысын тоқтатуы қажет екен. Бұл арада сәрсенбі күні Ирандағы екі ядролық зауытты қорғау үшін ол маңайға ісламшіл жауынгерлер жиналған.
XS
SM
MD
LG