Accessibility links

2001-жылғы қыркүйектегі террорлық шабуылдарды зерттеген АҚШтық тәуелсіз комиссияның хабарлауынша, АҚШқа ол шабуылды жасаған кезде Осама бин Ладенге Ирақтың бұрыңғы президенті Саддам Хұсейн көмек бермеген.


Сәрсенбі күні ол комиссия жариялаған баяндамада келтірілгеніндей, бин Ладеннің ал-Қайда ұйымы мен Саддамның өзара байланыстығы жөнінде ешқандай сенімді дерек-мәлімет жоқ болып шыққан. - Ал-Қайданың қаупі жөнінде айтқанда, біз олардың үлкен дайындықтан өткен, ыждағатты да аса интеллігентті топ екендігін мойындауымыз керек, - дейді Чикаголық тергеуші, барлаушы Пәтрик Фиджералд.

Тәуелсіз комиссия зерттеу жөніндегі өзінің қорытынды есебін АҚШта алдағы қарашада болатын президенттік сайлау қарсаңында түгел жарияламақ көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG