Accessibility links

АҚШтағы Зейнеттегі дипломаттар мен офицерлердің бір тобы президент Буш АҚШты қате жоспарланған және үлкен шығынға түсірген Ирақ соғысына алып келді, деп кіна тағып отыр.


Бұрыңғы ресми қызметкерлердің 27ілік тобы сәрсенбі күні жазба түрде мәлімдегеніндей, президент Буштың сыртқы саясаты көбіне әскери күш-қуатқа сүйенді. Бірақ дәстурлі одақтастардың пікіріне құлақ аспады, делінген. Олардың пікірінше, өзінің жалпы тарихында АҚШ ешқашан мұндай сенімсіздікке, оқшаулануға ұшырамаған көрінеді.

Бұл мәлімдемеге қол қойғандар арасында АҚШтық қос партия мүшелері, Орталық барлау агенттігінің бұрыңғы директоры, АҚШтың бұрыңғы Кеңес одағындағы екі елшісі және біріккен әскери күштердің бұрыңғы қолбасшысы да бар.
XS
SM
MD
LG