Accessibility links

Баспасөзге шолу. 06-17-2004


«Отан» партиясының кезектен тыс өткен сьезіне орайғы айтылмай қалған ойлармен қатар, республикалық «Жас Алаш» газетін қорғауға қатысты жасалып жатқан шаралар турасына баса назар аударылған.

Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар «Отан» партиясының кезектен тыс өткен сьезіне орайғы айтылмай қалған ойлармен қатар, республикалық «Жас Алаш» газетін қорғауға қатысты жасалып жатқан шаралар турасына баса назар аударуға тырысыпты.

«Айқын» газеті де өзінің соңғы санында да «Демократияны жарияламайды, демократияны орнатады» атты бас мақалада «Отан» партиясының съезінде сөйлеген Назарбаевтың айтқандарын тарихи маңызы бар әрі жаңа кезеңінің жаңалығы іспетті қабылдауға болатындығын жазады.

«Мегаполис» газеті де бейсенбі күнгі санында «Отан» партиясының тарихы мен бүгінгі талпынысын салыстыра отырып, биліктің аталған партияны күшейтуге анық күш салғаны енді біліне бастады дегенді айтады.

Бұл қадамның алдағы сайлаулар науқанымен тікелей байланысты және елдегі жоғары билікті нығайта түсу үшін бұл саяси күштің қажеттігі енді ғана керек бола бастағанына тоқталады. Ең бастысы партияның алдағы бірінші міндеті бұл күздегі мәжіліс сайлауында қарсыластарын шаң қаптыру делінген сараптамалық материалда.

Сондай-ақ, «Время» апталығы соңғы нөмірінде «Отан» партиясының Ресейдің қазіргі билігінің саяси күші - «Единная Россия» партиясымен достастығы мен анық солардың жолымен жүретіндігін дәлелдегендей енді олармен нақты құжаттарға қол қойып отыр дейді.

Алайда, «Отан» партиясының осы жолғы съезінің тарихи маңызына «Түркістан» газеті жіті тоқталуға тырысыпты.

Қазақтілді басылымдар бұл жолы «Жас Алаш» газетінің басындағы жағдайға орай ауызбіршілік танытуға тырысыпты. «Түркістан» газеті мен «Ана тілі» газеті «Жас Алашқа» шүйлігіп отырған шенеуніктердікі жөн емес екендігін айтады.

Енді осы мәселеге «Жас Алаш» газетінің өзі соңғы санында жағдайдың қалай өрбігеніне тоқталып, «Бізде ұлттық намыс та, мемлекеттік намыс та жоқ» деген тақырыппен өз қолдаушыларына сүйеніп Ертісбаев пен Әбдрахмановты тағы бір сынап алған.
XS
SM
MD
LG