Accessibility links

Мемлекет басшылары Еуразиялық ықпалдастық қазіргі дамудың үрдістері және ғаламдасудың талаптары туралы халықаралық форумға қатысты

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен маусымның 18-і күні Астанада «Еуразиялық ықпалдастық қазіргі дамудың үрдістері және ғаламдасудың талаптары» атты тақырыпта халықаралық форум өтті. Оның жұмысына Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанында бақылаушы мәртебесіне ие Армения Президенті Роберт Кочарян қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде орта және ұзақ мерзімдегі келешекті екі фактор-жаһандану және аймақтық қауіпсіздік проблемалары құрайтынын атап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандануға әлемдік экономиканың жылдам қарқынмен дамуы ықпал етуде. Жаһандану жағдайында дамыған елдер мейлінше тиімді жағдайда болуда, ал әсіресе достастық елдері үшін шикізат көздері болып қалудың қауіптілігі бар, деді.

Қазақстан Басшысы келешекте толыққанды даму үшін интеграциялық күштерді нығайтып, ғылыми-техникалық әлеуетті біріктіріп әлемдік экономикаға бірлесе шығуға шақырды.

Назарбаев қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыт алда тұратын өзекті мәселе сыртқы қауіп-қатерден сақтануда оған ұжымдасып қарсы тұруды қамтамасыз ету маңызды, дейді. Қазақстан Басшысы темір жол көлігі саласында үйлесімді саясат жүргізудің бұл орайда жүк тасымалына біріңғай тариф мәселесінің маңызын да атап өтті. Ортақ мүдделерге қарай ықпалдасу арқылы әлемдік аренаға шыға аламыз, бірақ ол үшін ортақ экономикалық кеңістік құруды жеделдету қажет, деді Қазақстан Президенті.

Өз сөзінде Ресей Президенті Владимир Путин Еурзария кеңістігі елдерінің алдында тұрған экономика, қауіпсіздік саласындағы проблемаларды шешу үшін күш біріктуіміз қажет, деді.

Ал, Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз сөзінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдерінің экономикалық мүдделерге негізделген қарым-қатынастардың жаңа түріне өтіп жатқанын айта келе, біздің елдер өздерінің зор әлеуеттерін біріктірудің ең оңтайлы жолдарын іздеуде. Оған Ресей мен Беларустің ынтымақтастығы мысал болады дегенді айтты.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басты мақсаты оған қатысушы елдердің экономикалық әлеуетін тіимді пайдаланып халықтың тұрмысын жақсарту. Көп жұмыс жасалды, бірақ, егер біз шын мәнінде жұмыс істейтін ықпалдастық ұйымға айналу үшін алда жасалатын іс көп. Ең алдымен қоғамдастық негізінде үшінші елдерге қатысты сауда тарифі тәртібін келісу керек. Қабылданған келісімдер мен шешімдерді тиімді бақылауды жүзеге асырудың тетігін табу қажет. Олар -70, деді Александр Лукашенко.

Беларусь Президенті бірін-бірі толықтыратын өндірістерді дамыту ісін үйлестіру қажеттілігін ұсынды.

Қырғыз Республикасының Президенті Асқар Ақаев еуразиялық экономикалық қоғамдастықты дамытудың басым бағыттары туралы 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес ортақ рынок құруға келеміз деп есептейді. Қырғызстан қоғамдастық қызметінде аймақта Қамбарата гидроэлектр станасы құрылысы жоспарын байланыстырып отыр. Ол Орталық Азияда су және электр қуатымен қамту пробелмасын шешуге мүмкіндік береді, деді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов аталған қоғамдастықтың қысқа мерзімде ықпалдастықты күшейтетін құқықтық негізді қалағанын және оның негізі макорэкономикалық көрсеткіштердің өсуін қатамасыз ететінін, сонымен бірге ықпалдастық процестердің сипатын анықтаудан алшақтап, ол процестерді басқару қажеттілігін атады.

Жүздеген келісімдер мен шарттарға қол қойылды, соңында әртүрлі себептермен орындалмай қалды. Капиталдың, жүктің, еңбек күшінің еркін айналымына жағдай жасайтын басты міндеттерді орындай алмайтындай жағдайда болып шықтық. Біз бұл мәселелерді шешпей, ықпалдастық жайында айту сенімсіздеу, дейді Тәжікстан Президенті.

Бақылаушы ретінде қатысқан Армения Президенті Роберт Кочарян өз сөзінде еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың табиғи байланыстарды оңалтуға және жаңа деңгейдегі ықпалдасуды қалыптастыруға әсер етеді деген ойын айтты.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Бас Хатшысы Грегорий Рапотаның айтуынша, еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында 60 келісім бар және 10 келісім мемлекетттердің ішкі рәсімдерінен өтуде. Біріңғай Кеден одағын құру процесі жүруде.
XS
SM
MD
LG