Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысында жарылғыш снаряд тауып алып, оның ішін ашып көрмек болған екі бала мерт болды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агеттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметкері Зарипа Түсіпбекованың хабарлауынша, оқыс оқиға аталған облыстың Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында орын алған. Балалар беймәлім оқ-дәрілерді тауып алған. Ішін ашып көрмек болған сәтте жарылыс болып оқиға орыныда екі бала көз жұмған.

Орын алған оқыс оқиғаға байланысты түсінік берген Сарыағаш аудандық прокурорының орынбасары Ақжол Бейсеевтің айтуынша, оқиға бейсенбі күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша сағат 5-30-да болған. Оның айтуынша, опат болған ағайынды 1 және 5 сынып оқушылары Бекзат және Бағлан Еркешовтар Сарыағаштағы нөмірі 20/20 және 32039 әскери бөлімінің Дарбаза ауылының Рамазан кеңшарына жақын маңда орналасқан әскери жаттығу-сынақ алаңынан полигонынынан жарылғыш снаряд тауып алған.

-Балалар оны үйіне алып келіп, балғамен ұрып ішіндегісін көрмек болған. Сол сәтте снаряд жарылып екі бала қайтыс болды.

Ақжол Бейсеевтің айтуынша, Сарыағаштағы 20/20 және 32039 әскери бөлімінің әскери оқу жаттығуы полигоны тиым салынған аймақ ретінде қоршалмағандықтан опат болған ағайынды Еркешовтар бұдан бұрында аталған әскери сынақ полигонынан темір жинап, оны металломға өткізіп келген. Ал біздерге Сарыағаштағы 20/20 және 32039 әскери бөлімдерімен байланысу мүмкін болмады.

Ресми дерек көздерінің мәліметтеріне қарағанда, 2004 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген аймақтық “Қару “операциясы барысында қылмыс жасау үшін қолданылған және жеке азаматтардың өз еріктерімен тапсырылған 525 атыс қаруы тәркіленген. Олардың жартысы Шымкент қаласы маңындағы Ақжар полигонында, жартысы Алматыға жіберіліп Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған қарулармен бірге жойылған. Ақжол Бейсеевтің айтуынша орын алған оқыс оқиғаға байланысты тергеу тексеру жұмыстары жалғасуда.
XS
SM
MD
LG