Accessibility links

Оңтүстік Кәрейдің өкілдері Ирақта оңтүстіккәрейлік азаматты қарулы исламдық топтың байлап алып кеткенін растады.


Ирақтағы экстремистік топтың оңтүстіккәрейлік азаматты тұтқынға алып, оны басын кесіп өлтіретінін мәлімдеуіне қарамастан, Оңтүстік Кәрей Республикасы Ираққа шамамен 3 мыңдық қолын аттандыру жоспарынан бас тартпайды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Чой Юнг Чжин бүгін Сеулде Оңтүстік Кәрей үкіметі Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық күштерге өз қолын жіберу туралы шешімін өзгертпейді деп мәлімдеді. Жексенбі күні “Әл-Джазира” телеарнасы беттеріне маска киген 3 қарулы адамның егер Сеул Ирақтағы басқыншылыққа атсалысу шешімінен бас тартпайтын болса, тұтқында отырған оңтүстіккәрейлік азаматтың басын кесіп өлтіретіндерін ескерткен бейнетаспаны көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG