Accessibility links

АҚШ үкіметі Иранды тағы да ядролық қаруды таратпау жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерін түгел әрі бұлжытпай орындауға шақырды.


АҚШ үкіметі Иранды тағы да ядролық қаруды таратпау жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерін түгел әрі бұлжытпай орындауға шақырды. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің мәлімдеуінше, өзінің ядролық бағдарламасы жөніндегі Иранның соңғы есебі - атом энергиясы бойынша халықаралық Агенттік – МАГАТЭ-мен арада оның ашық та жан-жақты ынтымақтастыққа ұмтылғанын айғақтай алмайды. МАГАТЭ-нің директоры Мухаммад Әл-Баради Вашингтонда: “Біз бұл проблеманы мүмкіндігінше шешуге тиіспіз. Мен де, МАГАТЭ-нің басқармасы да Ираннан өзінің бағдарламасын толық ашуын өтіндік және алдағы бірнеше айда екі жақты ынтымақтастықтың ашық болғанын көре аламын ғой деп үміттенемін”, - деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG