Accessibility links

Назраньға чешен моджахедтерінің қосыны бұзып-жарып кірді. Олардың саны белгісіз деп хабарлайды Ингушетияның Бас прокурорының міндетін атқарушы Умарбек Галаев.


Ингушетияның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері чешен моджахедтерінің Назраньнан республика астанасы жағындағы Магас қаласына бұзып-жарып өтпек болған шабуылына тойтарыс берді. Ингушетияның Мәскеудегі өкілінің орынбасары Алаудин Боков хабарлағандай, моджахедтер Чешенстанға қарай шегінуге тырысуда. Моджахедтер мен милицияның қақтығысы барысында қаза болған бейбіт тұрғындар бар. А.Боковтың айтуынша, ішкі істер министрлігі қатты атқыланған, бірақ министрлік басшылығының тағдыры беймәлім. Моджахедтер Карбулак пен Слепцовск елді-мекендеріне де соққы берген. Моджахедтердің шабуылын тойтарған Назрань шекарашыларының арасында 5 шекара сақшысы жараланған.
XS
SM
MD
LG