Accessibility links

Өлтірілген ирақтықтардың туыстары шетелдік террористерді айыптайды.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Осы ай басында Ирақта алысқа жүк таситын аутокөліктердің 6 жүргізушісі Фаллуджа қаласында өлтірілген болатын. Азат Еуропа/ Азаттық радиосының тілшісі сол опат болған жүргізушілердің туыстарымен сөйлескен де олар бұл қылмысқа Ирақта жүрген шетелдік террористер айыпты деді. Ал, жергілікті полиция болса жүргізушілерді қорғауда дәрменсіздік танытты дейді.

Осы айдың 5 де Фаллуджа қаласына сырттан азық-түлік алып келген 6 жүк машинасының 6 жүргізушісі барымталанған болатын. Араға бір апта салып олардың бөлшектенген мәйттері қала сыртында табылды. Жүргізушілер террористердің яғни шетел жауынгерлері мен шиит ұрыншақтарының қолына түскен сәтте-ақ олардың жер-жердегі туыстары Фаллуджа қаласына жиналып қолға түскен бауырларын құтқаруға әрекет еткен. Алайда, жергілікті полиция мен жергілікті қауіпсіздік күштері террористерге қарсы дәрменсіздік танытқан.

Тіптен олармен ауызжаласқандықтарын байқатқан. Бір еске сала кететін нәрсе осы қалада соның алдында ғана көтерлісшілермен АҚШ әскері арасында ауыр шайқастар орын алғаны аян. Бұл шайқастарда Фаллуджаның шамамен 600 тұрғыны опат болған делінеді. АҚШ әскері жағынан 10 солдат опат болған делінеді.

Тайпа басшыларымен АҚШ әскері арасында келісім болып соғыс тоқтағаны белгілі. Қала Ирақ полициясы мен қауіпсіздік күштерінің бақылауына берілген еді.

Біз әңгімелеп отырған 6 жүргізушінің опат болу тарихы көтерілісшіл қала Фаллуджаның әлі де тынышталмағанын көрсетеді. Биліктің әлі де шетелдік қалуды топтар қолында екенін көрсетеді. Опат болған жүргізуші Басим Тарештің ағасы Ал Каж Хаири солай дейді:

"Олардың біразы Ирақтың сыртынан Араб елдерінен келгендер. Олардың арасындағы тунистік, судандық, йемендіктерді мен өз көзіммен көрдім,"- дейді Ал Каж Хаири.

Ал екінші бір опат болған жүргізуші Ылайыстың әкесі Хаир Абид:

" Біз судандықтарды, палестиндықтарды олар жасырынып отырған үйлеріне барып көрдік . Фаллуджа қаласы Ирақтан бөлініп тасталған. Полиция мен әскер болса қарулы топтардың басшысы Абдулла Жанабимен ауыз жаласып алған."

дейді. Мен дәл сол Жанабидің өзімен сөйлестім. Ол өзін моджахеддин санайды. Яғни, Құдай жолында қан төгіп жүрген кахарман санайды. Құдайдан садаға кетсін!. Шынында моджахеддиндер бейкүнә жандардың қанын төгіп жүргендер дейді Абид.

Абидтың айтуынша 6 жүргізушінің мәйттері бөлшектелініп адам танымастай етілген. Абид айтады. Бұл қаныпезерлер жүргізушілер шиит мұсылманы болғаны үшін қинап өлтірген дейді. Өйткені шииттердің қолында имам Алидің аты жазылған тату бар дейді Абид. Сондай татуы бар менің ұлымның да қолын шауып тастаған дейді.
XS
SM
MD
LG