Accessibility links

БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі Ирақта мұсылман жасақтарының оңтүстік Корея азаматына өлім жазасын қолданғанын қатты айыптады.


Қауіпсзідк кеңесінде қазір преизденттік етуші Филиппиннің сыртқы істер министрі Делия Доминго-Алберт бүкіләлем елдерінің басшыларын террорға қарсы бірлесіп күресуге шақырған. БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан адамды кепілге алып. өлтіру Ирақта бейбітшілік орнату жолындағы халықаралық қауымдастықтың ісіне кедергі келтіру деп атап көрсеткен. Мұндай әрекеттер ешқандай ақтауға жатпайды деген ол. Одан бұрын АҚШ президенті Дж. Буш та 33 жасар Ким Сан-илді өлтіргендерді айыптап сөйлеген болатын.

Кимді ұрлап алып кетіп өлтіргендер Оңтүстік Кореядан Ирақтағы 670 әскерін алып кетуін талап еткен болатын. Оңтүстік Корея бұл талапты қабылдамаған.
XS
SM
MD
LG