Accessibility links

Деректерге қарағанда, Ауғанстанда өндірілетін есірткі – героин мен апыйынның төрттен бірі Еуропа базарларына Орталық Азия елдері аумағы арқылы өтеді екен.


Міне сол есірткі бұл аймақтағы халықтың әлуметтік, экономикалық тұрмыс-тіршілігіне өзінің кері, жаман әсерін тигізуде. Есірткі көлемі көбейген сайын оның бағасы азайып, жастар арасында кең тарап, ол дәрі кесірінен Спид те өршіп барады. Арзандау есірткі дәрісін уколмен шаншу арқылы пайдаланатын наркомандар Орталық Азия елдерінде СПИД дертінің жедел тарауына өзінің батпандай үлесін қосуда деп бастайды өзінің келесі бір талдауын зерттеуші Голназ Асфандияр.

БҰҰнан Есірткі және оған байланысты қылмыс мәселелерімен шұғылданатын аймақтық өкіл Каллаханның айтыунша, соңғы кезде тіркелген СПИД дертінің 60-70 пайызы ортақ ине қолданған наркомандардарға тура келеді.

Ал ресми деректерге қарғанда, соңғы жылдары СПИД жұқтырған адамдардың саны күрт көбейген. Мысалы, 1995-жыл Орталық Азия елдерінде СПИД ауруымен 88 адам тіркелсе, араға 8 жыл салып ол дертті жұқтырғандардың саны 6 мың 700ге жеткен. Ал бұл ресми тіркелгені ғана. Әлем банкы есебіне сенсек Орта Азия аймағындағы ондай аурулар саны 90 мыңнан асатын көрінеді.

Сонымен, СПИД эпидемиясы бұл елдерде енді ғана басталғандай. Дегенмен, Әлем банкы, бұл дерт, алдын алмаса, Орта Азиядағы экономикалық даму мәселесіне де өзінің кері әсерін тигізуі мүмкім дейді.

- Бұл кем дегенде, демографиялық жағдайға кесір болып тиеді. Әсіресе, одан жастар үлкен зардап шегеді, - дейді Шведциядағы Жібек жолы зерттеулер бағдараламасының директоры Сванстром.

- Әзірше, ешқандай жаңа экономикалық тиімді саудажүйесі байқалмайды. Есірткі тасып мың доллар тапқан дұрыс па, әлде 100 доллармен шектелген абзал ма? - дейді директор.

Ал бұрыңғы советтік одақтағы фирмалармен қызмет істейтін зерттеу тобының президенті Нанси Любинның айтуынша, есірткі саудасы коррупцияға дем беруде екен.

Шотландиядағы Әндрүз университетінің зерттеушісі Нанси Любин тіптен есірткі шаруасына әсірешіл топтардың да кірісіп отырғандығын айтады.

- Коррупция өркендеп, жайлап отыр. Бай мен кедейдің арасы барынша алшақтай түсті. Тек қана экономикада емес, саяси жүйеде де сыбайлас жемқорлық дамыды. Есірткі саудасындағы әйелдер рөлі көбейіп, Орта Азияны СПИД жайлай бастады. Оның салдарынан отбасылары да күйреу алдында,- дейді Любина.

Соңғы жылдары есірткі тасумен айналысатын бір қатар қауіпсіздік саласы қызметкері де қылмыс үстінде тұтқындалған. Халықаралық дағдарыс тобының 2001-жылғы есебіне қарағанда, Орта Азиядағы кеден қызметкерлерінің 50 пайызы бұл қылмысты сауда мен байланысыты болған.

- Тіптен шұғыл операциялар немесе азық-түлік үшін қаржы қажет болған кезде, есірткі саудасі бизнесіне әсірешіл, терроршыл топтар да араласа бастады, - дейді Шотландиядағы Қасиетті Әндруз университетінің зерттеу орталығынан Тамара Макаренко.

Ал, Washington Times газетінің келтіргеніндей, Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, Ауғанстандағы көкнәрі өнімін тоқтатпаса, Орталық Азия аймағына төнген қауіп ол арадағы тұрақтылыққа кесір болуы мүмкін екен. Лаңкестердің жаңа ұрпағы пайда болатын көрінеді.

- Қазіргі кезде Орта Азиядағы есірткі саудасының жедел дамығаны сондай, ол іске көкнәрі егіп өсіретін Ауғанстандағы дихандардан бастап түрлі таптық адамдар қатысуда. Себебі, олардың бәрі бұл бизнестен ақша түсетінін жақсы біледі. Бұл - аса үлкен саяси мәселе болғандықтан әскери қолбасшылар, саудагерлер және сыбайлас жемқорлар арасында өзара мәмілеге келу де өте қиынға түседі. Сондықтан, ол қылмысты бизнесті түп-тымырымен жоймаса, онда қоғамға үлкен қауіп төнеді, - дейді Тамара Макаренко.
XS
SM
MD
LG