Accessibility links

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

«Әлемдік қаржы институттары мен Әлемдік және Еуропалық банк сонымен қатар рейтингтік агенттіктер Қазақстанның экономикасының дамуына өте жоғары баға берген. Шетелден инвестиция келу жағынан Қазақстан бұрынғы пост кеңістік мемлекеттері ішінде бірінші орынға ие». Осылай деп Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев «Азиялық ынтмақтастық диалогы» деп аталатын Қытайда өткен жиында мәлімдеген. Жоғарыда аталған басты көрсеткіштерді негізге ала отырып, Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2005 жылдың аяғында не 2006 жылдың ортасында кіруге ниеті бар екендігін айтқан.

«Ондағы басты мақсат елдің экономикасын барынша бәсекеге қабілетті ету»,– деген Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Қытайда өткен «Азиялық ынтымақтастық диалогы» деп аталтын Кеңесте. Алайда қазақстандық мамандардың айтуынша, егер Қазақстан Дүиежүзілік сауда ұйымына таяу жылдары кіретін болса, онда керісінше елдің экономикасы бәсеңдеп, отандық тауар өндірушілер күйреуі мүмкін. Мысалы Мәжіліс депутаты Шәріп Омаровтың айтуынша, Отандық кәсіпкерлер бәсекеге төтеп беру үшін оларға белгілі бір мерзімге дейін жеңілдік беруі керек дейді. «Егер олай болмаса, біздің барлық ауыл шарушалығымыз құрып, немістердің майын жеп, Италияның сүтін ішіп отырамыз», – дейді Шәріп Омаров.



Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Асқар Бисенбаевтың пікірінше: «Бүгінгі біздің ауыл шарушылығы өнімін шығаратын азаматтарымыздың бәсекеге жауап бермейтіні барлығымызға айқын. Сол үшін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жөнінде бағдарлама іске асырылуы қажет. Егер қазір ондай дайындық болмастан тіке кіретін болсақ, онда ауыл шаруашлығындағы азаматтарымыз қиналып қалады. Ертең олардың өндіріс орындары қазіргі талапқа сәйкес болмайды. Олар жабылып қалуы мүмкін. Одан кейін шығарылған өнімімізді сатуға мүмкіндік болмайды».



Ал «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев Қазақстанның әзірге Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің қажеті жоқ, біз ашық бәсекеге төтеп бере алмаймыз дейді.



Қазақстандық сарапшылар, мәселен Қытай мемлекетінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін 15 жыл дайындалғанын, ал Қырғыз мемлекетінің ешбір дайындықсыз кіріп, қазір соның зардабын тартып отырғандығын айтады.



Сарапшылардың бірі ғалым, экономист Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Байназаровтың ойынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қазіргі заман талабы.



Таяуда Астанада өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекет басшыларының бас қосуында Беларусия президенті Александр Лукашенко дүниежүзідік сауда ұйымына кіруге талпынған мемлекеттер келіссөздерді әркелкі жүргізбей, бір бағытта жүргізіп, бір уақытта кіруін қалар едім деген ойын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG