Accessibility links

Ирақтың аралық өкімет басшысы Лиад Аллауйді өлтіретіндіктерін хабарлаған бейнетаспа пайда болды.


Ол таспа әл-Қайда ұйымының Ирақтағы бөлім басшысы деп есептелетін Әбу Мұсаб әл-Зарқауйден болуы мүмкін, дейді бұлақтар. Қай күні түсірілгені көрсетілемеген бұл бейне таспа Ислам веб парақшасында бүгін пайда болды. АҚШ тарапы Зарқауйді Ирақтағы қантөгістерді тікелей басқарып отыр, деп айыптап, оның өлі-тірісі немесе қолға түскені жөнінде хабар жеткізген адамға 10 миллион доллар төлемақы беретіндіктерін жариялаған болатын. Онымен байланыстағы топтар Ирақтағы бомбалық шабуылдарды ұйымдастырғандарын және кеше оңтүстік кореялық тұтқынның басын алғандықтарын хабарлауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG