Accessibility links

АҚШ Халықаралық қылмыстық cоттан неге қорқады?

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Халықаралық Қылмыстық Сот бойынша қауылысын қабылдауға қатыспайды. Өйткені Халықаралық Қылмыстық Сот АҚШ әскерін шетелдердегі әрекеттері үшін қудалауы мүмкін. АҚШ егер Халықаралық Қылмыстық Сот АҚШ әскерін халықаралық заңдармен қудалайтын болса онда АҚШ БҰҰ ның Халықаралық бейбітшілік сақтау жасақтарына да вето саламыз деп отыр.

БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгінде АҚШ үшін маңызды бір қаулы бойынша дауыс беруге дайындық үстінде.

Алайда, сәрсенбі күні АҚШ өз бейбітшілік сақтау жасақтарын Халықаралық Қылмыстық Сот кәрінен қорғайтын Қауіпсіздік Кеңесінің аты-шулы 98 ші қаулысының мерзімін одан әрмен ұзарта алмайтынына көзі жетті. Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ бейбітшілік сақтау жасақтарын қудалаудан қорғайтын бұл қаулының мерзімін ұзартпаса онда шетелдегі АҚШ әскерін қылмыстық заңдар арқылы қудалауға жол ашылады деген сөз. АҚШ егер Халықаралық Сот АҚШ әскерін қудалайтын болса онда біз БҰҰ ның бейбітшілік сақтау жасақтарына да вето саламыз деп айбат шекті. Бұл мәселелерге орай АҚШ көзқарасын АҚШ ның БҰҰ дағы елшісінің орынбасары Джеимс Каннингхам былай білдірді:

"АҚШ өз әскерін әлемнің белгілі бір аймағында тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға өз еркімен аттандырғанда біз олардың сот арқылы қудаланбайтынына деген толық сенімде боламыз"

АҚШ бүгіндері әлемнің біраз бөлігінде бейбітшілік сақтау жасақтарын ұстап отырғаны аян. Олар бәрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 98 ші қаулысы арқылы қудаланудан қорғалған.

Егер шетелдегі АҚШ әскері заң арқылы қудаланудан қорғалған болса онда жуырда Бағдадтың Абу-Граиб түрмесінде тұтқындарды қорлағаны үшін бірнеше америка солдаты неге жауапқа тартылды деген сауал туындауы мүмкін.

Ол сауалға АҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Ричард Баучердің мына мәлімдемесі жауап бола алады.

"Біз әрине өте бір келеңсіз жағдайда ғана мысалы Абу Граиб түрмесінде орын алған сұмдық жағдайға байланысты АҚШ әділеттікке заңға өзі-ақ жүгінді" деді АҚШ мемлекеттік департментінің өкілі.

Халықаралық Қылмыстық Сот дегенге бүйрегі бұрмайтын Қытай болса Қауіпсіздік Кеңесінде 98-ші қаулы мерзімін ұзартуға дауыс беретінін байқатты. Қауіпсіздік Кеңесінің Германия, Франция, Испания, және Румыния тәрізді мүшелері аталмыш қаулы бойынша дауыс беруден қалыс қалмақ ниеттерін танытты. Ресейдің қалай дауыс берері белгісіз. БҰҰ ның Бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік Кеңесін шетелдегі АҚШ әскерін қудалаудан құтқаратын қаулы мерзімін енді одан әрмен ұзартпауға шақырды.
XS
SM
MD
LG