Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай туындаған қиын түйінді шешу жолында Құрама Штаттарының ұсыныс жасағаны белгілі.


Ол бойынша, Солтүстік Корея үш ай ішінде өзінің ядролық қару бағдарламасына қатысты тізімдеу жүргізуге толық мүмкіндік беруі тиіс. Ондай жағдайда, аталған ел АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігіне ие болып, сондай-ақ өзге мемлекеттерден қуат көздері бойынша көмекке қол жеткізетін болады. Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Куе-Гуан: егер ресми Уашингтон өзінің “жауығу саясатын” өзгерткен жағдайда ресми Пхеньянның да ядролық қару бағдарламасы проблемасын шешуге бет алатындығын айтты. Алты жақты сөйлесулердің бұл жолғы үшінші сатысы алдағы сенбі күні аяқталмақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG