Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореядағы ядролық қаруларды жою жөнінде жаңа жоспар ұсынып отыр.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ақ үйден хабарланғанындай, АҚШ Солтүстік Корей еліндегі ядролық қарулар қоймаларын жою бойынша өзінің жаңа бағдарламасын жасамақ. Бұл бағдарлама қабылданатын болса, әрине, оны іске асыру үшін де бір шама уақыт қажет болатын сықылды. Сонымен, соңғы күндері, Ирақтағы оңтүстік кореялық азаматтың өлтірілуі әлем назарында болса, енді бүгін Солтүстік Кореядағы ядролық қарулар мәселесі тағы да сөз бола бастады.

АҚШ президенті Дж.Буштың Ақ үйлік өкілі Скот Мкленнаның тілшілерге сәрсенбі күні айтуынша, егер АҚШ ұсынған ядролық қаруларды жою жөніндегі бағдарламаны Оңтүстік Корея іске асыратын болса онда, ол елдегі саяси жағдай бір шама реттеліп, экономикалық оқшауланудан біртіндеп құтыла бастаған болар еді, дейді Мкленнан. АҚШ Солтүстік корейлерге қандай бағдарлама ұсынып отыр ? АҚШтың айтатыны – Солтүстік Кореядағы ядролық қарулар бағдарламасы түгелдей, қайта жалғаса алмайтындай етіп толық жою. Ол үшін, АҚШ, неден бастап, немен аяқтау керек екендігі жөніндегі алғашқы практикалық қадамдарды да көрсеткен.

Солтүстік Корея, ондаған жылдар бойы тер төгіп, қаншама қаржы жұмсап, қаншама зерртеуші, ғалым, қатардағы қарапайым адамдардың еңбегі нәтижесінде жасап шығарған ол ядролық бағдарламасынан бас тартса, онда оған өтемақы ретінде АҚШ өз кезегінде не ұсынбақ ?

Ақ үйлік өкілдің айтуынша, Солтүстік Корея АҚШ ұсынған жоспарға көнсе онда корейлер мұнай, азық-түлікке қоса қауіпсіздік жөніндегі кепілдікке де ие болмақ. Жалпы ұсынылған бұл жаңа жоспар Ливияның өз жаппай қырғын қаруларын жойып, әлемдік қауымдастыққа қосылу жөнінде өткен желтоқсанда қабылдаған шешіміне ұқсас, дейді Мкленнан.

Ал ұсыныс АҚШ жағынан болғанымен ол жоспар әріптес, қызметтес негізгі елдердің талқылауынан өтуі қажет дейді талдаушылар.

Солтүстік Корея мәселесін талқылап, өзара келіссөздер жүргізу үшін маусымның 23інен бастап Бейжингде Қытайдан, Оңтүстік-Солтүстік Корей елдерінен, Жапония, Ресей және АҚШтан құзырлы дипломаттар жиналып іске кірісіп кетті. АҚШтық ресми топты басқарып келген мемлекеттік департамент хатшысының орынбасары Джеймс Келли ол келіссөздердің мақсатына түгелдей тоқталмаса да, бұл талқылаулар АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы өзара байланыстық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашу болады деген.

- Біздің мақсатымыз - Корея түбегін ядролық қарулардан түгел таза, азат ету. Онда ол аймақтағы барлық халық үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік орнап қана қалмай, менің елім АҚШ пен Корея демократиялық халықтық республикасы арасындағы жаңа байланысқа да есік ашылады, - дейді, АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Келли. Солтүстік Кореялық ресми топ жетекшісі Ким Кйе Ғванның айтуынша, Солтүстік Корея өзара келісімге дайын екен. - Егер АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы өз дұшпандық саясатын тоқтататын болса, онда біз де, өз ядролық бағдарламамыздан бас тартуға дайынбыз, - дейді солтүстік кореялық ресми топ басшысы.

Жалпы алғанда, АҚШ, ол ядролық бағдарламаға байланысты қойған талаптарға орай, 1990-жылдарда Солтүстік Корея ол шартқа көнетіндей сыңай байқатқан, бірақ ол бағдарламаны тоқтату үшін оның есесіне, АҚШтан экономикалық жәрдем сұраған болатын.

Дегенмен, келіссөздер басында Қытайлық өкіл Уаң Йийдің атап өткеніндей, әлі де болса көзғарас қайшылығы бар екен.

- Бейжіңге келген елдерде пікір, көзғарас әр-алуандығы бар. Бірақ олар міне сол мәселені талқылап шешпек, - дейді Уаң Йи. Қытайлық өкілдің айтуынша, Бейжиңде жиналған ел өкілдері бұл кездесуде де, аймақтық бейбітшілік орнату мүмкіндігін басты мәселе ретінде қарастырмақ. Жалпы алғанда, бұл елдер, сонау Қырғый қабақ заманындағы саясат кесірінен қасірет тартқан Солтүстік Корея елінің бұдан былай да зардап шегуін қаламайтын сықылды.
XS
SM
MD
LG