Accessibility links

Ирақ күрдтері аутономиядан әлі үміт үзген жоқ.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақ күрдтері Ирақ федералды мемлекет болады, соның құрамында аутономия аламіз деген үмітін әлі үзген жоқ. Күрдтердің аутономия жөініндегі талабын өткен айда БҰҰ қарамады. Күрдтер бәрібір аутономи яжөніндегі үміттен қол үзер емес. Осы орайда Азат Радио және Азаттық радиосының Ирақтағы тілшісі Бағдадта бірнеше күрд жетекшілерімен кездескен еді.

Ирақ Конституциясы қабылданғанша бүгінгі Ирақта Өтпелі әкімшілік заңы жүріп тұр. Ол заң бойынша күрд халқының Аутономия алуға құқы бар делінген. Күрдістан Патриоттық Одағының өкілі Омар Азиз Қадыр былай дейді:

"Біз тек ауызша уәдені ғана естіп келеміз. БҰҰ өз шешімінде күрд халқы туралы бір еске алар деп үміттенгенбіз. Өкінішке орай олай болмады."

Омар Азиз Қадырдың айтуынша Күрдстан Патриоттық Партиясы аутономия мәселесін бейбіт түрде шешуге ұмтылады. Оның айтуынша бүгінде күрд аутономиясын қорғауға дайын 75 мың күрд жасағы сақадай сай дайын тұр. Енді өзге бір күрд партиясы Демократиялық Күрдістан партиясының өкілі Фараж Ал- Хайдари пікіріне ден қоялық:

"Әкімшілік заңы атты заң бар. Мінеки, осы заң орындалуы керек. Егер ол орындалса біз өз аңсаған арманымызға жетеміз."

Күрдтердің аутономия жөніндегі арманы алдында бір қиын тосқауыл тұр. Ол Аятолла Али Ал-Систанидің соңына ерген Ирақтағы көпшілік халық шииттер. Шииттер күрдтердің аутономия алуына өл-тіріл қарсы. Қадырдың айтуынша күрдтер алғаш Саддамды бірге құлатысқан Вашингтоннан қолдау аламыз деп күткен. Алайда ол үміттері ақталмады.

"Осы кезге дейін АҚШ нан түк қайыр болмады. Бірақ біз үміттенеміз. Олар біздің көзқарасымызды, аймақтағы біздің салмағымызды түсінер деп үміттенеміз".

Алайда, аутономия алу оңай шаруа емес, күрдтер кәзір иеленіп отырған Киркук қаласы Ирақ мұнайының 30 пайызын жамбасына басып жатыр. Ал, шекара қалай бөлінері әлі белгісіз. Киркукте тұратын арабтар мен түрікмендер болса Күрд аутономиясы дегеннен үркеді. Ирақта билік ирақтықтардың өз қолына өтетін 30 маусымнан кейін мәселе шешіледі деп үміттенеді Омар Азиз Қадыр.

"Киркук әлі де күн тәртібінде. Бұ жәйлі әңгіме тоқтаған емес. Америка мен оның одақтастары біз үшін түк жасаған жоқ"

Саддам Хұсейн заманында арабтандыру науқанынан үркіп шетелге шығып кеткен күрдтер Киркукке қайта оралуы керек дейді Омар Азиз Қадыр. Тек содан кейін барып қана бұл қалада референдум өтуі керек дейді ол.

Бұл айтуға ғана оңай. Ал, шынтуайтына келгенде күрдтерге аутономия беру мәселесіне Ирақта күрдтерден өзге халықтың бәрі дерлік қарсы. Шиит пен сунит арабтары, түрікмендер, ол аз болса Ираққа көрші үлкен ел Түркияның да күрд аутономиясы дегенде төбе шашы тік тұрады.
XS
SM
MD
LG