Accessibility links

Әбілғазы Құсайынов: «Қазақстан Әлемдік сауда ұйымына енуі үшін мұнай-газ саласындағы стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруі қажет.»


Қазақстанда тұңғыш рет Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның мұнай-газ саласындағы стандарттар бойынша 67-ші жұмыс тобының төртінші отырысы өтуде. Оған 7 мемлекеттің мұнай-газ саласындағы сарапшы мамандары қатысуда. Аталған ұйымға әлемнің 146 мемлекеті енеді. Ал, Қазақстан бұл ұйымға 1994 жылдан бері мүше екен.

Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына енуі үшін мұнай-газ өндірісі саласындағы стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкестіндіру қажеттілігін айтады.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының қаулысына сәйкес биылғы жылы республикадағы мұнай-газ саласында 108 стандарт қабылдау көзделіпті.

Құсайынов мырза Қазақстан стандарттарының халықаралық стандарттармен сәйкестілігі 54 пайызды құрайды. Халықаралық стандарттармен сәйкестендіру әлемдік сауда ұйымына ену үшін қажет,- дейді.

Аталған жұмыс тобы өз отырысын негізінен мұнай-газ өндіретін елдерде өткізеді. Қазақстанда дайындалатын стандарттардың халықаралық стандарттармен сәйкестілігі осындай жұмыс тобында қаралады. Стандарттарды қарағанда табиғи жағдай ескріледі. Себебі әр елде жағдай әртүрлі,дейді.

Жұмысшы тобының жетекшісі Канададан келген Дени Бланше елдердің жаңа стандарттарға көшуі қаржыны үнемдеуге көмектеседі және ел өмірін жеңілдетеді, дейді.

«Қазтрансойл» компаниясының өкілі Гауһар Әубәкірова өлшеудің жаңа әдістерін меңгерудеміз. Бұл мұнайдың сапасын ғана емес оның бағасын көтеруге әсер ететін болады. Біз әлемдік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болу үшін бұл тәртіптерді қабылдауымыз керек, дейді.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның стандарттары 5 жыл бойы дайындалады. Бұл ғылыми жұмыс. Сондықтанда ұзақ уақыт бойы талқыланады. Тәжірибелер салыстырылады. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым құрылғалы бері 15 мыңнан аса стандарт дайындапты. Ал,Қазақстаның мұнай саласында биылғы жылы 200-ден аса стандарт болады. дейді Әбілғазы Құсайынов.
XS
SM
MD
LG