Accessibility links

Әсірешіл топтар терроршылықпен соғыс науқаны кезінде өз қарсыластынан өш алу үшін Ираққа көмекке келген ел өкілдерін құрбан ете бастады.


Соңғы айда Парсы шығанағы аймағында шет елдік азаматтарды бауыздап өлтіріп, оларды бейне таспаға түсіріп, компюторлық интернет жүйесіне салып, әлемге тарату жиі көрініске айнала бастады. Шет елдік азаматты ұрлап кеткен ол әсірешілдер алдымен тұтқынды бейне таспаға түсіріп, оның өз елі үкіметіне қарай өзін өлімнен құтқаруын жалынып, жалбарып тұрған кейпінде интернетпен, теледидармен әуеге таратады. Мысалы,осы аптада Ираққа жұмыспен барған 33тегі Оңтүстік Корея азаматы Ким Сун Ил бейне таспада көрсетілгеніндей, өз үкіметінен Ирақтағы әскерлерін алып шығып кетуі жалына сұраған.

- Өтінемін, Корей әскерлерін Ирақтан алып шығып кетіңдер. Мен өлуді қаламаймын. Менің өлгім келмейді! - деп жалбарынған ол.

Өз талаптары, шарттары орындалмағаннан кейін әсірешілдер тұтқынды тағы да камера алдына қайта алып келеді. Оған американдықтар Ирақ жане Ғуантанамо түрмелерінде қолданатын тұтқындардың қызыл көйлегін кигізеді. Одан кейін жендет оның басын кесіп, теле камера алдында тағы көрсетеді.

Мархұм Ким Сун Ил АҚШтың Ирақтағы әскери қосындарына қажетті заттар жеткізетін кореялық компанияда жұмыс істеген. Бұл - осындай ауыр жағдайда өмірмен қоштасқан, соңғы бір айдағы 3-ші шет елдік. Оған дейін Сауд Араб елінде америкалық инженер Пол Джонсон және Ирақта тұтқындалған тағы бір америкалық кәсіпкер Николас Берг құрбан болған еді.

Бұл үш өлімге де Ал-Қайдамен байланыстығы бар делінген Йорданиялық Абу Мұсаб ал-Зарқауи жетекшілігіндегі топ біз себепшіміз деген. Бірақ Сауд Араб еліндегі өлімді мойнына алған Ал-қайдалықтар артынша тұтқындалып, кейбірі өлтірілген болатын.

Лаңкестік бойынша сарапшы мамандардың айтуынша, ол қылмысты топ тұтқындарды атпай, дарға аспай, оның орнына бауыздап өлтіру арқылы, қарсылас жақ қауым арасында үлкен үрей, қорқыныш туғызуды мақсат еткен. Олар осы тәсілмен өз саяси мақсаттарына жұрттың назарын аудармақ болады.

Бірақ бас кесу тәсілі өз мақсатына жетіп отыр ма?

АҚШтағы Пенсилвания универстетінен эксперт Марк Сагеманның айтуынша, ондай жолмен өлтіру кесірінен жұрттың ашу-ызасы қозып отыр екен.

- Өзге террорлық әрекеттерге сауд арабиялықтар ерлік деп қарағынымен, мұндай кісі өлтіру тәсілін олар қолдамайды. Меніңше, сондықтан, ол лаңкестер өздеріне деген қолдаушыларын кеміте бастады, - дейді эксперт-сарапшы.

Дегенмен, көлікке қойылған бомбы және жанкештілік шабуылдарына көзі үйренген халық бауыздап өлтіруге тітіркене қарауда. Араб тілді теледидарлардың өзі құрбан етілген азаматтардың өлім алдындағы тірі бейнелерін көрсетуден бас тарта бастаған. Мысалы, Қатардағы Ал-Жазира теле арнасы Ким Сұн Илдің басын кесу көрінісін әуеге жарияламаған.

Сондай-ақ, жендеттердің кесілген басты жоғары көтеріп тұрған кезі Парсы шығанағы елдеріндегі кейбір басылымдарда фото бейнеде жарияланғанымен көптеген газеттерде тыйым салынған. Бірақ бас кесу көріністері экстремистердің интернеттік парақшаларымен әлемге тарауда.

Лондондағы Британия мұсылмандары кеңесінің БАҚдары бойынша директоры Бунгалаваланың айтуынша, İсламда бауыздап өлтіру дін шариғатына қайшы.

- Американдық Берг пен Корей азаматы соғысқа қатысқан жауынгер емес. Олар Ираққа жұмыс істеуге келген. Сондықтан, олардың ол тәсілмен өлтірілуі İсламның соғыс кезіндегі заңдарына сәйкес келмейді, - дейді Кеңес директоры.

Жалпы әлем тарихында мұндай өлім жазасы текқана араб елдеріне тән емес. Мысалы, Жапонияда, және кейбір Еуропалық елдерде биліктегі басшылар елді өздеріне сөзсіз тәуелді ету мақсатында бас кесуге барып отырған.

Ал Сауд араб елінде, Амнести Интернашнал ұйымының көптеген сындарына қарамай, қасақана кісі өлтірген, кісі зорлаған, қарулы тонауға қатысқан және есірткі саудасымен араласқан адамдарды, осы кезге дейін, жыл сайын, ондап, басын кесу арқылы, өмірін қиып отырады екен.
XS
SM
MD
LG