Accessibility links

Қазақстанда шағын несие беру мәселесіне арналған конференция басталды

  • Досан БАЙМОЛДА

Маусымның 25 і күні Алматыда БҰҰ ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің, Қазақстандағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының және Қазақстанның кіші қаржылық ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда шағын несие беру мәселесі оның бүгінгі жағдайы, қиыншылықтары және болашағы» атты республикалық конференция басталды.

Конференцияда 2005-2007 жылдары арасында үкімет тарапынан дайындалып жатқан шағын несие беру бағдарламасының жобасын талқылау, несие беруші ұйымдар мен үкіметтік орындар арасындағы байланысты жақсарту, кіші қаржы рыногіндағы жағдайды зерттеу жолдағы қиындықтарды бірлесін шешу мәселелері сөйлесілуде.

БҰҰ 2005 ші жылды шағын несие жылы деп жариялап отырғаны белгілі. Алматыда өтіп жатқан шағын несиелерді үлестіру мәселесіне арналған республикалық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанның шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының төрағасы Толымбек Манақбайдың айтуынша Қазақстан үкіметі алғашында тұрмысы төмен, кедей адамдарды қолдау мақсатында шағын несие беруге деп 4,5 млрд теңге беруге келіскен. Бірақта үкімет 10 млрд теңгенің несиесін береді деген үміт артып отырмыз деді ол.

Оның айтуынша егерде үкімет проценттік өсімсіз осы қаржыны шағын кәсіпкерлікті дамыту қорына аударса онда жақсы болмақ. Қайтару мерзімі 5 жыл болатын бұл несиені ең кедей, тұрмысы төмен адамдарға берген дұрыс дейді ол. Несиенің ең аз мөлшері 200 доллар ең көбі 1000 долларға жақын. Кім қанша көлемде несие беру керек оның өсімі қагша болуы керек бқл әлі де талқыланатын мәселе деді ол. Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі БҰҰ ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігі төрағасының орынбасары Гордон Джонсонның айтуынша БҰҰ ы 2005жылды әлемдегі шағын несие жылы деп жариялап отыр. Қазақстанда бүгінгі күні 100 ге жуық шағын несиу беру ұйымдары жұмыс істеп отыр.

Ол осы ұйымдар үкімет берген несиені әсіресе ауылдағы тұрмыстары нашар осындай несиеге зәр болып отырған адамдар қолына таратса деген ойын білдірді. Алайда Алматыдағы «Баспана» атты қоғамдық қауымдастықтың төрағасы Ернар Маликовтың айтуынша шағын несие беру туралы үкімет арнайы бағдарлама даярлап жатқанын осы конференциядан естігенін айтты.
XS
SM
MD
LG