Accessibility links

АҚШ-тағы Адам хұқтары ұйымы егер Ауғанстанның үкіметтік әскерлерінің әрекетін айыптайды.


Олардың Талибан жауынгерлері деп күдіктелген төрт жасақты ұстап алып, оларды өлім жазасына тартқаны рас болса, бұл әскери қылмыс болып табылады деп айтқан. Бір күн бұрын Ауған әскерінің 27 бөлімшесінің қолбасшысы Хаматалла Тохи солдаттарың Забұл аймағында ауған солдаты мен аудармашыны өлтірді деп күдіктелген төрт жасақты ұстағандығын баяндаған болатын. Үкіметтік әскер қолға түскен төртеуін кек қайтару мақсатында өлтірген. Адам хұқтары ұйымының Ауғанстан өкілі Джон Сайфтон тұтқындарды өз беттерімен жазалу адам хұқын және Женева келісімін өрескел бұзу деп атаған. Ол сондай-ақ егер бұл жазалау кезінде әдетте Ауған территориясын бірге бақылайтын АҚШ солдаттары да болған болса, олар да бұл іске айыпты деген.
XS
SM
MD
LG