Accessibility links

Иран британдық сегіз теңізшіні бостандыққа жіберуді бүгінге қалдырған.


Британ елшілігінің өкілі Эндрю Данн теңіз әскерлерін қайтару жөнінде келісім бар, бірақ оны нақты қалай жүзеге асыру керектігі әлі де талқыланады деген. Жүргізіліп жатқан келіссөздерде мұндай үзілістің болуы табиғи нәрсе деген дипломат, келіссөздердің бүгін жалғасатындығын да айтқан.

Британдық бұл сегіз теңізші кемелерімен Парсы суларында дүйсенбі күні ұсталған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG