Accessibility links

Ислам жасақтары Ирақ уақытша үкіметінің басшысы Ияд Аллауиді өлтіреміз деп ант еткен.


Бұл жөніндегі үн таспа олардың интернет парақшасында жарық көрген. Мәлімдемені айтып тұрған адамның үні иордан тероршысы Абу Мұсаб әл-Зарқауидің даусына ұқсайды. Орталық барлау басқармасы қазір үнтаспадағы дауыс шынымен де кімдікі екендігін тексеріп, зерттеп жатыр. Әл-Зарқауидің тобы оңтүстік корейлік КимСан-илдің және одан бұрынырақ кепілдікке алынып, өлтірілген американдықтың өліміне жауапты екендіктерін мәлімдеген.

Ким Сан-илдің денесі табылғаннан кейін, АҚШ әуе күштері Фаллужадағы Зарқауи тобы паналады деп күдіктелген үйге шабуылдар жасаған болатын.

Американдық шенеуніктер шабуыл кезінде 20 шетелдік жасақ қаза тапты деген, ал жергілікті тұрғындар жазықсыз төрт адам опат болды деп айтқан.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG