Сербиядағы президент сайлауында Демократиялық партияның үміткері Борис Тадич жеңіске жетті. Бастапұқы мәліметке қарағанда, оны сайлаушылардың 53,5 пайызы қолдап дауыс берген. Оның басты қарсыласы - әсіре ұлтшыл Томислав Николич 45 пайыздан көп дауыс жинады. Николич Тадичтің жеңіске жеткенін мойындап, оны құттықтады. Сайлаудың екінші сатысына дауыс берушілердің шамамен 48 пайызы қатысты.