Accessibility links

Қазақстан коммунистері соттасуда


Астананың Алматы аудандық сотына Қазақстан коммунистік партиясы қалалық комитетінен Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының қалалық комитетінен мүлік даулау туралы талап-арыз түсті. Қазақстанның комунистік халықтық партиясының жетекшісі Владислав Косарев Қазақстанның коммунистік партиясының орталық комитетінің мүшелері толығымен өзі жетекшілік ететін партияға кіргенін және өздері жиған мүлікті ала келгендерін айтады. Бюро мүшелері орындық кітәптерді үйлерінен алып келген сондықтан оны бүгінгі күнге дейін пайдалануға құқылы, бірақ Қазақстанның коммунистік партиясының қалалық комтитетінің жетекшісі Тоты Елеубаева сотқа шағымданып, ол мүлікті даулап жатыр, дейді жаңа партияның төрағасы Косарев.

Мүліктерді жиған коммунистер оны Тотыға емес Рыбалкоға береміз деп мәлімдеді. Мүлік дегенде даулап жатқандары екі үстел, 4 орындық, Лениннің бюсті және қызыл ту. Бұл дауласатындай да зат емес, дейді Косарев.

Ал, Қазақстанның коммунистік партиясыныңжетекшісі Серікболсын Әбділдин бұл дау-дамайға көп көңіл бөлмейтінін айтады.

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Николай Рыбалко сөз болып отырған үстелдерді өзінің сыйға алғанын және олардың ескі екенін, жөндеу жасалғанын, тіпті пайдаланудан шығарылған дүние екенін айтады.

Николай Рыбалко мүлік бөлісі туралы олардың талап-арызын Алматы аудандық соты қараған жоқ, бірақ олар мұнымен қанағаттанбай, қалалық сотқа шағым жазып отыр. Мен қалалық партия бюросын шақыруға мәжбүрмін. Шешім қабылдап, Ішкі істер министрлігіне, прокуратурға, парламентке тіпті президентке жолдаймыз. Уға қарсы да у бар. Оларды тоқтату үшін атап өткен мекемелер арқылы шара қабылдауға мәжбүр боламыз,дейді Рыбалко мырза.

Ал, Қазақстанның коммунистік партиясының Астана қалалық комитетінің хатшысы Тоты Елеубаева сотқа екі талап арыз бергендерін айтады. Оның бірі Рыбалко мырзадан бөлімшенің тіркеу куәлігін, партия мүшелерінің тізімін, портреттерді, туды және комунистер Астанадан кетерінде сыйға тартқан барлық кәтіптарды қайтару туралы, дейді.

Екінші талап–арыз коммунистік партияға жасалған моралдық залалға байланысты. Сот әлі біткен жоқ. Біз аппеляцияға бердік. Сот шешімі айқын болмады. Екі хатшының да заңды болмауына байланысты деген уәжбен талап-арыз қайтарылған. Түсініксіз шешім, дейді Тоты Елеубаева.

Қазақстанның коммунистік партиясының қалалық бөлімшесінің тіркеу куәлігі бұрынғы хатшы, бүгінгі күні Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Николай Рыбалкода қалып отыр, атауы басқа партияға ол құжаттың қажеті де жоқ, дейді Елеубаева.

Бұл даудың немен бітері әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG