Accessibility links

НАТО Стамбулдағы саммитінде Орталық Азия елдеріне деген ұстанымын айқындауы тиіс дейді кейбір сарапшылар


Стамбулда өтетін НАТО-ның саммитіне президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Қазақстан делегациясы да қатысқалы отырғаны белгілі. Кейбір сарапшылар бұл саммитте бұрнағы бұлыңғыр болып келген НАТО-ның Орталық Азияға қатысты ұстанымы айқындалуы тиіс дейді. Жалпы осы Орталық Азия елдері мен Қазақстанның НАТО турасындағы көзқарасы қандай және тұтас аймақ ретінде Орталық Азия елдерінің аталған ұйымға деген ортақ ұстанымы бар ма деген сұрақтарға бірқатар саясаттанушылар мен шет ел сарапшылары жауап іздеп көрді.

Көптеген халықаралық ұйымдарға Орталық Азия елдері әрқайсысы өз бетінше кірігуге немесе бейтарап қалуға тырысып келгеніндей НАТО-ға да олар сол қалыптағы көзқарастарын танытып отыр дейді бірқатар сарапшылар.

Алайда бұл жолғы Стамбулдағы НАТО саммитінде аталған ұйым өзінің Орталық Азия елдеріндегі ұстанымын олардың ортақ көзқарасынсыз нақтылайтын болса, аймақ үшін оның пайдасы шамалы болмақ дейді кейбір саясаттанушылар. Қазіргі заман саясаты халықаралық институтының директоры Ерлан Қарин Орталық Азия елдері ғана емес, Қазақстан да аймақтық ортақ ұстанымды сыртқы саясатта айқын білдіретін кезі келді дейді.

Ал әскери сарапшы маман Ким Серікбаев НАТО мәселесінде Қазақстан бейтарап саясат ұстануы қажет деген пікірде.

Алайда саясаттанушы Арман Тыныбек Орталық Азия елдері алып көршілеріне сеніп қалмай, НАТО-ға кірігуге ұмтылу қажет дейді.

Дегенмен Қазақстандағы Қытай елшісі Лио Дзянпин Орталық Азияның қауіпсіздігі үшін көршілерінен басқа балама күштер жоқ деген пікірде.

Сөйтіп, кейбір сарапшылар НАТО саммиті Орталық Азия елдері үшін маңызды шешімдер шығарады деген болжам жасап отыр.
XS
SM
MD
LG