Accessibility links

Стамбулда НАТО-ның 17-ші саммиті бүгін басталды.


Оның ашылуы кезінде сөйлеген сөзінде НАТО бас хатшысы Жеп де Хуп Шеффер мырза бұл басқосу Еуропа мен Құрама Штаттары арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деді: “Бүгінгі біз қабылдайтын шешімдер НАТО-ның болашақ пішіні мен мазмұнын анықтайтын болады. Халықаралық қауіпсіздікті одан әрі жақсартуға қажетті саяси және әскери құралдардың НАТО қолында бар екендігін дәлелдей түсетін болады. Осылайша, біздің міндеттеріміз айқындала түспекші”-, деді Хуп Шеффер мырза. Ирақтағы және Ауғанстандағы қауіпсіздік жайы және Ресей-Гүржі келіссөздері саммитте талқылануда. НАТО күштері Ирақ қауіпсіздік күштерін жаттығудан өткізуге келісіп отыр.
XS
SM
MD
LG