Accessibility links

АҚШ-тың бастауындағы коалиция күштері бүгін Ирақ егемендігін осы елдің аралық өкіметі қолына тапсырды.


Ал, мұндай үдерістің негізінен 30-шы маусымға белгіленгендігін бұдан бұрынғы хабарларымызда бірнеше қайтара айтқанбыз. Атап айтқанда АҚШ тарапынан тағайындалған әкім Пол Бремер ресми түрде заңдық құжаттарды аралық өкімет басшысы Лиад Аллауиге тапсырды. Бұл ресми үдеріс шағын топ арасында, Бағдаттың айрықша қауіпсіздік сақталған аймағында өтті. Бүгін Ирақ елбасы, өкімет басшысы және бір топ министрлер заң алдында Ант қабылдады. Аллауи мырза бұл 28-ші маусым жөнінде: “Егемендікті Ирақ өкіметінің жане Ирақ халқының қолына табыс еткен бұл- тарихи күн”-, деді Аллауи мырза. Бремер мырза сол салтанаттан кейін Ирақтан шығып кетті. Әлем елдері Ирақ егемендігінің ирақтықтар қолына тапсырылуын қызу қуаттап, жаңа өкіметпен әріптес болуға ұмтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG