Accessibility links

Қазақстанның Каспий аймағы экологиясымен де қауіпті


Каспий аймағы үлкен саясат алаңына ғана емес, бүгінде маңайындағы елдерге экологиясымен өте қауіпті мәселеге айналып барады дейді бірқатар ғалымдар.

Қарт теңіздің қойнауындағы байлығынан өз үлестерін ғана көздеген елдер оның экологиясын екінші кезекке ысырып, әзірше өзара тартысты саясаттың әлегімен тіл табыса алмай жүр дейді олар. Мұндай жағдайда Қазақстан теңіз маңайындағы өлкесінің экологиялық ахуалына назар аудара алмауына бірнеше нақты себептер бар дейді мамандар.

Қазақстан өзінің Каспийдегі үлесіне бас қатырып отырған мемлекет ретінде теңіз маңайындағы шетел инвесторларына көптеген мүмкіндіктерді беріп қоюының салдарынан аймақтағы экология мәселелеріне көңіл бөле алмай отыр дейді ғалымдар.

ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Р. Берсінбаев: «Соның салдарынан қазір шетел мұнай компаниялары өз бетінше экология мәселелерін шешіп отыр. Мұндай жағдайға жол бермес үшін олардың экология мәселесін зерттейтін тәуелсіз комиссиялар қажет» - дейді.

Алайда Атырау Мұнай-газ институтының профессоры Тілепқазы Ерғалиев бұл мәселені басқаша түсіндіреді. Оның дерегінше, шетел мұнай компаниялары өздеріне міндетті экологияға бөлінетін қаржыны аударуда екен. Алайда оны жоғарғы билік пен облыстық әкімшілік қайда жұмсап отырғаны белгісіз дейді ғалым.

Дегенменде экологияны сауықтыру үшін жасалған ғылыми жобаларға шетел компаниялары құлықсыз дейді академик М. Шығаева.

Ал және бір академик ғалым Н.Надиров: «Қазақстанда сол шетел мұнай компанияларының экология мәселесіндегі кемшіліктерін табатын мүмкіндік жоқ»- дейді.

Сөйтіп, бірқатар ғалымдар Каспийдің Қазақстанға қарасты аймағындағы экология мәселелеріне осылайша барлау жасап, мұны тек мемлекет бір жүйеге келтіруі керек дейді олар
XS
SM
MD
LG