Accessibility links

Мәжіліс депутаты Борис Сорокиннің депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды кері қайтарды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Маусымның 29-ы күні Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Борис Сорокиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды екінші рет енгізді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комисиясының хатшысы Владимир Фоостың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннен наурыздың 15-інде Борис Сорокиннің коммунистік партиядан шығарылғаны туралы хат түскен. Онда аталған партияның жарғысына сәйкес партия мүшелігінен кету депутаттық өкілеттікті қайтурға негіз болатыны, сондықтанда Орталық сайлау комисиясының аталған депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарауы ұсынылған.

Орталық сайлау комиссиясының өкілі содан бері 98 күннің өткенін және Сорокиннің партияның 5-ші маусымда болған съезінде аппеляциялық шағым жасайтынын айтқанын, бірақ ол жайында ешқандай құжаттарды тапсырмағанын, сөйтіп, аппеляциялық шағым беру көзделген мерзімдердің барлығын күткенін айтады.

Ал, депутат Борис Сорокиннің айтуына қарағанда, ол өз адвокаты арқылы сотқа талап-арыз түсірген. Бірақ екі операция жасатуына және денсаулығына байланысты бұл мәселені бақылауға мүмкіндігі жоқ екенін айтады.

Депутат Ержан Рахметов үшін Сорокиннің Комунистік партияның 5-ші маусымдағы съезіне аппеляциялық шағым берген–бермегені түсініксіз болды.

Сорокин өз жауабында бұл мәселемен адвокатының айналысқанын айтады. Ал, Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, съезге адвокат аппеляция бермейді.

Сорокин енді бір жауабында маған ешкім аппеляция бер деп айтқан жоқ, дейді. Тіпті съездің өтетінінен де бейхабар болыпты.

Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі, депутат Серікболсын Әбділдин Борис Соркинге съзедің болатынын және оның шағымдана алтынын, әлі кеш емес деп айтқанын, бірақ оның ештеңе істемегенін айтты.

Депутат Ғани Қасымовтың партиядан шығару туралы шешімге білдірген шағымыңызға соттың процедуралық шешімі қашан болады деген сұрағына Борис Сорокин жауап бере алмайтын болып шықты.

Мәжіліс төрағасы Жармхан Тұяқбай Борис Сорокиннің сотқа талап-арыз бергені туралы құжаттарын сұратты, бірақ депутат Соркин оны әкеле алмайтын болып шықты.

Депутаттар үшін түсініксіз тұстардың аз еместігі байқалды.

Алайда, дауысқа салудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясы енгізген ұсынымды қайтару туралы қаулы қабылданды.
XS
SM
MD
LG