Accessibility links

Ирақтағы қарулы топ кепілдіктегі түркиялық үш азаматты босатты


Әл-Жазира телеарнасында көрсетілген бейнетаспада, бетін бүркемелеген адам Әбу Мусаб әл-Зарқауидің басшылығындағы топтың осындай шешімге келгендігін жариялады. Ал, ол топ өз кезегінде әл-Қайдамен байланысы бар, деп айыпталуда. Түрік өкіметіндегі өз атын атамауды сұраған бір ресми тұлға бұл хабарды растап отыр. “Кепілдіктегі АҚШ солдатын және Пәкістан азаматын да өлтіреміз” деп қарулы топ айбат шегуде.
XS
SM
MD
LG