Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан және адам құқықтары ұйымдары Ирақтың бұрыңғы диктатор жетекшісі Саддам Хұсейн және тұтқында отырған өзге де жоғары дәрежелі ресмилердің Ирақтың өз абақтыларына маусымның 30ы күні өткізілетіндігін құптап отыр.


Кофи Аннанның айтуынша, Ирақтықтар әділеттік жағдайды өз көздерімен көрулері тиіс. Ал Ирақ бас министрі Аллауидің сейсенбі күні айтуынша, Саддам Хұсейн қай абақтыда отырса да әзірше АҚШ әскерлерінің күзеті астында болады.

- Біздің өтінішімізбен, Саддам Хұсейн және Баас партиясының өзге де жоғары деңгейдегі басшылығын, Ирақ сақшылары кепілдіктерімен, олардың қауіпсіздіктерін өз жауапкершіліктеріне алғанға дейін халықаралық күштер қорғап тұратын болады, - деді Ирақ бас министрі.

Ал бұл арада, Бағдадтағы АҚШ әскери күзеті бекеті қасында бомбы жарылып, американдық 3 қызметкер қаза тапты.
XS
SM
MD
LG