Accessibility links

Қазақстанның Иракқа бітімгершілік әскерін жібергеніне бір жыл

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Иракқа жіберілген екінші әскери құрамның мерзімі де аяқталып келеді.

Иракқа әскери құрама мамандарды жіберу одан әрі де жалғасуына парламент депутатары және жекелеген министрлер теріс қарамайтындарын байқатып отыр.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай шілде айында Ирактағы халықаралық құқықтық ахуал өзгеруі қажет деген пікірде.

Америкалық қарулы күштер өз мандаттарын Біріккен Ұйымына беруі қажет. Сол іске асса, одан кейін біздің әскери топтың мандаты да құқықтары да өзгереді. Сондықтан сол кезде бұл мәселені біржақты шешу керек. Не болмаса бітімгершілік күштеріне айналуы керек біздің әскери топ немесе елге қайтуы керек, дейді Жармахан Тұяқбай.

Қазақстанның Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, Қазақстан әскери тобы Ирактағы қызметін одан әрі жалғастыру қажет деп есептейді.

Біз халықыралық қоғамның мүшесіміз. Сондықтанда осындай жағдайда басқа мемлекеттермен Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне сәйкес өз саясатымызды жүргізуміз керек, дейді.

Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров Қазақстан әскери тобының Иракта қызметін жалғастыруы олардың тәжірибе алуына ықпал етеді деп есептейді.

Парламент Сенатының Қорғаныс және халықаралық істер жөніндегі комитетінің хатшысы Тасбай Симамбаев, Қазақстан әскери тобының Иракта болуын теріс көрмейді.

Себебі Иракта талай жыл соғыс болды. Ол жерде шешілмеген мәселе көп. Сондықтанда онда барған Қазақстан әскери тобы халыққа көмектескені дұрыс, дейді.

Ал, Парламент Мәжілісінің Халықарылық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Шәріп Омаров Иракқа Қазастан әскери тобын жіберіп бастағаннан кейін оны жалғастырған жөн, дейді. Бірақ ол әскери топты қайтаруды да теріс көрмейді.

Иракта жаңа үкімет болғаннан кейін қолдау керек. Біз осы күнге дейін Американы қолдап келдік. Екінші жағынан қатты шиеленіс болып жатыр, байқап көру керек. Екінші топты шіледінің аяғына қарай ауыстыру керек. Ирактың жаңа үкіметі қазіргі келісім бойынша сұраса сонда ғана жібере аламыз. Ал, сұрамаса әскери мамандарды жібере алмаймыз, дейді Шәріп Омаров.
XS
SM
MD
LG