Accessibility links

“Жұмысшы” қозғалысы өкілдері Қазақстанның оппозициялық күштеріне үндеу жариялады

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Маусым айының 30-ы күні Алматыда “Жұмысшы” қозғалысының өкілдері Қазақстандағы оппозияциялық бағыттағы партияларға сайлау алдында бірігіп демократиялық күштердің форумын құрайық,- деп үндеу жариялады.

“Жұмысшы” қозғалысының өкілі Сақып Жаңабаева өздерінің оппозициялық партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдеріне үндеу жариялауларына Қазақстан халқының ауыр тұрмыс тіршілігі себеп болып отыр. Сайлау алдында ҚР президентін жақтайтын партиялар мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі күшейіп, халықты алдап арбау арқылы қайта билік басына келмекші. Біз мұндай заңсыздықтарға күш біріктірген жағдайда ғана қарсы тұра аламыз,- деді. Сондай-ақ Сақып Жаңабаева “Жұмысшы” қозғалысының бүгінде материалдық, ұйымдастырушылық жағдайлары жоқ. Бірақ халық арасында жұмыс істеуде едәуір тәжірибесі бар. Біз қандай болмасын қара жұмысқа дайынбыз. Сондықтан сайлау алдында халықтың жағдайы үшін кез-келген оппозициялық партиялармен күш біріктіруге дайынбыз,- деді.

“Жұмысшы” қозғалысы өкілдерінің бұл ұсынысына басқа оппозиция өкілдері қалай қарайды? Ресми түрде жабылып қалған Қазақстанның Республикасының халықтық партиясының төрағасы Әміржан Қосанов болса кез-келген ұйымның белгілі бір науқан кезінде ғана емес, жалпы қимыл әректтерде күш біріктіруін қолдаймыз және сайлау алдында оппозициялық күштердің бірігуі әбден мүмкін ,- дегенді айтты.

-Билік басындағы партиялар жалпы бізден гөрі бірігу стратегиясын ұтымды қолданып жатыр. Ал Қазақстан оппозициясының ұйымдық түрде бірікпеуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ортақ мақсат, талаптар негізінде бірігуге ешқандай тосқауыл жоқ. Бірақ Қазақстандағы оппозициялық партиялар жеке адамдардың төңірегінде топтастырылған күш болып отыр. Бұл объективті процес оны жоққа шығара алмаймыз. Екіншіден, жасыратыны жоқ дүниеге келген демократиялық сипатты партиялар белгілі бір қаржылық топ мүддесіне назар аударады. Міне, бұлар саяси демократиялық күштердің бірігуіне үлкен кедергі.

Ал Коммунистік партияның хатшысы Төлен Тоқтасынов болса, оппозициялық күштердің сайлау алдында бірігуі мүмкін нәрсе емес,- дегенді айтады. -Себебі, әр партияның елбасыға деген көзқарасы әртүрлі. Сол көзқарастар біріктіре алмайды. Біріксе “Ақ жол”, ҚДТ, Коммунистік партия бірігуі мүмкін басқасын білмеймін.

Саясаткер Сейдахмет Құттықадам болса “Жұмысшы” қозғалысы өкілдерінің ұсынысын ықпалды оппозициялық күштердің қабылдай қоюы екіталай ,-дейді.

-Мұндай ұсыныс белгілі саяси күштен шығуы керек. “Жұмысшы” қозғалысы ол керемет емес. Сондықтан басқа үлкен партиялар оларды елемейді да.
XS
SM
MD
LG