Accessibility links

Маңғыстауда қарақұрттардың адамды да, жануарларды да шағуы қауіп төндіруде

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жаз айлары басталғалы бері Ақтау қаласының және қала маңындағы елді мекендердің жиырмаға жуық азаматын қарақұрттардың шаққаны белгілі болып отыр. Енді қарақұрттардың үй жануарларын да шағуы жиілеп отырғаны анықталуда. Соңғы деректер бойынша, қазіргі күнге дейін облыста қарақұрт шағып алған түйе саны жүзден асып кеткен.

Маңғыстау өңірінде биыл қарақұрттар жылдағы өздерінің шығатын уақытынан өте ерте пайда болған көрінеді.

«Соның салдарынан әрі әдеттегіден ерекше көптігінен облыс жұртшылығы даурығып та жатқан жайы бар. Әйтпесе, адамдардың өміріне соншалықты қауіп төндіріп отырған жоқ -дей келе, осы жайт турасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Төлеғалиева -Мәселе қалыпты»- деген пікірін білдірді.

Алайда облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Баяман Мырзабекке хабарласқанымызда, ол түсініктеме бере алмайтындығының басты себебін бастықтарының рұхсат етпейтіндігімен байланыстырды.

Сондай-ақ облыстың санэпидемиологиялық басқармасына хабарласқанымызда аты –жөнін атамауды өтінген мекеменің бір қызметкері бұл мәселе бойынша өздерінде дерек жоқ екенін жеткізді.

Ал 100- ден атсам түйесін қарақұрт шаққан облыстың мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан Түпқараған ауданы Таушық паселкасы әкімінің орынбасары Ерлан Емұханбетов нақты жағдайды айта келіп, күніне бірнеше түйелерін қарақұрт шағуы шын мәнінде қауіп төндіріп отырғанын жеткізді. Оған ең бастысы дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі кедергі екенін алға тартты.

Дегенмен облыс бас дәрігірінің орынбасары Ажар Төлеғалиева қарақұрттан адамға келетін дәл қазір қауіп жоқ дейді. Облыс мамандарының ойынша, қарақұрттың күші тамыз айының ортасында бір-ақ қайтады дейді.
XS
SM
MD
LG