Accessibility links

Ыстамбұл саммитінде НАТО Орталық Азиямен байланысты күшейту мәселесін қараған

  • Досан БАЙМОЛДА

Сейсенбі күні Ыстамбұлда аяқталған НАТО – ның саммитінде осы саяси аскери одақтың Қавқаз және Орталық Азия елдерімен байланысты күшейту мәселесі қаралып, алдағы уақытта осы елдерге назарды күшейту туралы шешім қабылданған. Маусымның 29 ы күні Ыстамбұл саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен НАТО арасындағы іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағдарларын қуаттады.

Н.Назарбаев сондай ақ өзінің сөзінде Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесіне аса көңіл бөле келе ең басты қатер ретінде террориям мен есірткі тасымалына қарсы күш біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай ақ ол Ауғанстанды қалпына келтіруге Қазақстан өз тарапынан белсенді ат салысуға дайын екндігін білдірген.

НАТО ұйымы тарапынан алдағы уақытта Орталық Азия аймағына ерекше көңіл бөлінетіндігіне байланысты біз бірқатар қазақстандық сарапшылардың пікірлерін сұраған едік. Саясаткер Алтынбек Сарсебаевтың пікірінше НАТО әлемдегі тұрақтылық мәселесінде үлкен рөл атқарып отырған ұйым, сондықтан да оиындай ұйымның Орталық Азияға көңіл бөлуінен тек жақсылық күтуге болады. Бұл Орталық Азияның тұрақтылығына әсер етеді. Ал саясаткер Болатхан Тайжан болса НАТО ұйымымен бірлесіп аймақтық проблемаларды шешу оңайға соғады сондықтан да бұны тек қолдау керек десе саясаткер Дос Көшім НАТО мен АҚШ екеуі бірлесіп Орталық Азияға өз мүдделері үшін енуді бұрыннан жоспарлап келген енді осыны ашық айтып жариялап отыр деген пікір білдірді.
XS
SM
MD
LG