Accessibility links

Қатардағы сот шешіміне байланысты Ресей өзінің екі агентін кінәсіз деп олардың азаттыққа шығару үшін бар күшін салуда.


Орыс азаматтары Билашков пен Покчевке Қатарда сүргінде жүрген Шешенстанның бұрыңғы президенті Йандарбиевті ақпан айында өлтірді деген айып тағылған. Қатар соты ол екеуді 25 жылға бас бостандығынан айырды.

- Біз Қатар үкіметінен айыпталған орыс азаматтарын Ресейге қайтарып, БҰҰ ның халықаралық заңдарына орай өз мерзімдерін өз ата мекендерінде өтеуін сұрамақпыз, - деген қорғаушы адвокат Дмитрий Афанасьев.

Сот үкімін оқи отырып, Қатар судясы Ибрахим Салех ал-Нисф бұл кісі өлімінің артында Ресей жетекшілігі тұр деп айып таққан.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG