Accessibility links

АҚШ-ғы Ирақ елшісі: "Ирақтың болашағына халық сеніммен қарайды"


Америкадағы Ирақтың жаңа елшісі жоғарғы үкімет жасақталып, ол билік тізгінін қолына алған шақта болашақтың жарқын боларына көпшіліктің көзқарасы оптимистік тұрғыда деп айтуға болады дейді.

Елші Ринд әл- Рахим үкіметтің алда тұрған ендігі басты міндеті – ол Ирақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атап көрсетеді. Ол өзінің бұл ой-пікірлерін осы аптада Ирақтың уақытша үкіметі тағайындалып жатқан кезде Вашингтондағы жекеменшік зерттеулер институтында болған кезде білдірген. Ирақтың АҚШ-ғы жаңа елшісі қызметіне кірісіп жатқан Ринд әл-Рахим Ирақтың саяси билігі мен тәуелсіздігі өз үкіметінің қолына берілгеніне көздері жеткеннен кейін, ел тұрғындарының келешекке деген үміт- сенімі арта түсті дейді. Жаңа елші сондай-ақ соңғы оншақты жылдар бойына БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі Ирақ жөнінде бірінен кейін бірі, бірнеше қарар, шешімдер қабылдаған болатын. Алайда осы уақытта Ирақтағы Саддам Хуссейін жүйесінің кескін-келбеті турасында шынайы ақпарат беріп, Саддам үкіметінің шын мәнінде қандай үкімет екендігін халықаралық қауымдастыққа көрсетіп бере алатындай бірде –бір адам табылмады. Міне енді егемендік қайтарылып, Ирақ жұртының қолына өз тағдыры мен болашағын қалай өркендету мәселесі еркін жеткен кезеңде жаңа үкіметтің ел үшін, оның алдағы жарқын күндері үшін қызмет жасайтындарын, міндет алатындықтарын сезінетіндей болды деген Ирақтың Америкадағы елшісі. Ринд әл-Рахим сондай-ақ Ирақтың уақытша үкімет басшысы Ияд Аллауиға басты міндеттің террормен күрес жүргізіп, қауіпсіздік жолында алға жылжу екендігін де еске салып өткен.

-Кейбір мағынада айтар болсақ, Ирақ террордың соңғы ошағына айналғандай. Әрине Ирақтың мұндай террор орталығына айналғанына мен өкінемін, бірақ та мүмкін бұл осында Ирақта террордың жеңіліп, тізе бүгетіндігін көрсететін болар. Сондықтан да біз барлық күшімізді оған қарсы қоюымыз керек,-деп атап көрсетеді Ирақтың АҚШ-ы елшісі Ринд әл –Рахим.

Ол сондай-ақ Ирақтағы көтерілісшілердің мақсаты- жаңа үкіметтің жұмысын көбірек дағдарысқа ұшыратып, мүмкін болғанша, қолдарынан келгенше Үкімет мүшелерін өлтіре беру дейді:

-Демек олар коалицияға қарсы емес, олар Ирақ тұрғындарына қарсы. Не себепті сіздер егемендіктің берілгенін тоқтатқыларыңыз келді?-деп атап көрсетеді ол.

Әрине әл-Рахим жаңа үкімет Ирақ халқымен қоян-қолтық бірге жұмыс істеп, өздеріне деген сенімді ұлғайтқанда ғана жарқын болашақ құруға болатындығын дейді. Әл-Рахим ол үшін жаңа үкімет Ирақ адамдарының жүректері мен ақыл-ойына жол таба білуі керек деген тағы да. Ирақтағы билік АҚШ бастаған коалиция күштерінің жағында болған кезде, әрине басшылық, жетекшілікті шын мағынасында сезіну, оны үйлестіру қиын болды.

Ендігі алда тұрған басты міндет пен парыз- Ирақтағы тұрақтылық пен демократия, ол үшін Ирақтың әрбір азаматы күрес жүргізуі қажет дейді елші. Жаңа үкімет барша тұрғындар алдына жаңа талаптар қоюы керек деп атап көрсетеді ол сондай-ақ. Ирақтың АҚШ-ғы жаңа елшісі бұл айтылғандармен бірге Ирақтағы колаициялық басқару кезінде бірқатар қателіктер мен кемшіліктер жіберіліп алды дейді де, соның қатарында, егер 2003 жылы көкек айында Ирақта коменданттық сағат жарияланып, әскери жағдай енгізілген болса, бүгінгі күні елдегі ахуал қазіргіден әлдеқайда жақсырақ болар ма еді деген де пікірін білдірген.

-Ирақ Ирақтың өз адамдары үшін болуы керек және ол тәуелсіз шешімдер қабылдай алатындай болуы қажет, сонымен қатар ол шешімдер Ирақ халқының, біздің мүддемізге негізделген болуы керек ,-деп атап көрсеткен сөз соңында.

Елші Ринд әл-Рахим бұрынғы президент Саддам Хуссейін неғұрлым тезірек сот алдына келтіріліп, жауапқа тартылар болса, соғұрлым Ирақ үшін жақсы болады дегенді айтады. Осы орайда айта кетейік, бейсенбі күні Ирақ астанасы Бағдад қаласында Саддамның 20 жылдан астам ел билеген уақытта жасаған соғыс және геонцид қылмыстары үшін сот тыңдаулары басталды. Ол жөнінде бүкіл әлемдік ақпарат құралдары жарыса xабарлап жатыр.
XS
SM
MD
LG