Accessibility links

«Экстремизмге қарсы күрес» мәселесіне арналған дөңгелек стөл мәжілісі өз жұмысын аяқтады


Бейсенбі күні Алматыда басталған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аяасында өтіп жатқан Орталық Азия аймағындағы экстремизммен күрес мәселесіне арналған дөңгелек стөл өз жұмысын шілденің 2 сі күні аяқтады. Дөңгелек стөл жиынын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының яғни ОБСЕ нің Алматыдағы орталығы және осы ұйымның адам құқығы және демократиялық институттар жөніндегі бюросы бірлесіп ұйымдастырды.

Жиынның екінші күні «Экстремизм қаупіне мемелекеттік тұрғыдан және халықаралық тұрғыдан жауап беру» деген тақырыппен өтті. Осы тақырып аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының атқарушы хатшысының орынбасары Серік Нарысов экстремизмнің шығу себептері жөнінде өз пікірін айтты. Оның айтуынша экстремизмнің пайда болуына ең алдымен сол елдегі экономикалық жағдай әсер етеді яғни ел неғұрлым кедей, адамдары сауатсыз, білімсіз болған сайын сол жерде экстремизмнің туу қаупі көбірек болмақ.

Алайда халықаралық дағдарыс тобының сарапшысы Майкл Хол бұл пікірмен келіспейтіндігін айтты. Оның айтуынша тек кедей елдерде емес сонымен бірге тұрмыс жағдайы жақсы деп айтылатын елдерде экстремизм көрініс береді бұл неге деген сұрақ қойды ол. Сондықтан да экстремизмнің түп тамырын басқа нәрседен іздеген жөн дейді ол. Еуропадағы Қауіпісіздік және Ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бриан Вудың айтуынша экстремизм мәселесі тек қана Орталық Азияның басындағы проблема емес бұл әлемдік сипаттағы проблема болып отыр және де бұл бір дінге ғана байланысты туындамайды әлемде барлығы қанша дін бар болса солардың барлығына да байланысты түрде дамып, пайда болады. Сондықтан да Алматыда өткен осындай жиынның маңызы аса зор болмақ. Екі күн бойы әлем елдерінен келген сарапшылар осы экстремизм онымен қалай күресі мәселесінде өз өзінің ой пікірліерімен бөлісті, бұл ОБСЕ үшін аса керек.

Дәл осындай дөңгелек стөл жиындары алдағы уақытта Орталық Азияның барлық елдерінде өтілетін болады деді ол. Алматы жиынының қортындысы ретінде ОБСЕ алдағы уақытта экстремизм мәселесі, онымен қалай күресу туралы ұсыныс, ақыл кеңес жазылған кітапшаны дайындамақшы.
XS
SM
MD
LG