Accessibility links

ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Өзбекстан шекарасында болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді


Шілде айының 2-сі күні ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тұрдықұл Бутаяровпен кездесу барысында маусым айының 30-ы күні Өзбекстан шекарасында орын алған оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіріп, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты бірлесіп жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен Исламбек Арыстанбеков хабарлады.

-Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мұндай оқыс оқиғалар алдағы уақытта болмас үшін, екі елдің дипломатиялық және ведомоствалық шекаралық қызметтерінің жұмыстарын жетілдіру керектігіне назар аударды.

Осы орайда айта кетер жайт Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ішкі Істер Бас Басқармасы бастығының орынбасары Талғат Мұқашевтың хабарлауынша, маусым айының 30-ы күні Өзбекстан шекарасында болған оқиға салдарынан Сарыағаштағы 2020 бөлімшесінің қызметшісі Еркін Қалқожаев ауыр омыртқа жарақатын алған.

-Өзбекстан Республикасының азаматы 1983 жылы туылған Марат Оралбаев ВАЗ 2106 көлігімен Сарыағаш ауданының Достық ауылындағы Бейбітшілік шекара бекеті арқылы Өзбекстаннан Қазақстанға құжатсыз төрт өзбек азаматын алып өтпек болған. Шекара бекетінде көлікті қазақстандық шекарашылар тоқтатып, құжаттарын талап еткен. Талғат Мұқашевтң айтуынша, шекарашы Қалқожаев жүргізушіден көліктің жүк салғышын ашуды сұраған. Осы кезде машина күрт алға қозғалып, шекарашыны қағып, 25 метрдей жерге сүйреп әкеткен. Қазір зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Талғат Мұқашев мырза кінәлі ретінде 21 жастағы өзбек азаматы жүргізуші Марат Оралбаев қамауға алынды. Көлікке тексеру жүргізу кезінде қандай да бір заңсыз заттар табылған жоқ.

Бүгінде Оралбаевтың үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіру» жөніндегі 103-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді.
XS
SM
MD
LG