Accessibility links

Астанада алғаш рет жер телімдері ағылшын тәсілі бойынша аукционға шығарылатын болды.

  • Айнагүл САҒДИ

Қазақстанның елордасында жеке тұрғын үй салу көп қабатты пәтерлерге қарағанда анағұрлым арзан. Сол себептен де қала тұрғындары тұрғын үйді сатып алғаннан гөрі, жер алып үй салғанды тиімді көреді. Алайда, ендігі уақытта оған да тыйым салынатын болды, яғни жер учаскелерін аукцион арқылы сату туралы комиссия шешім шығарды. Шілденің 21-күні Астанада алғаш рет жер телімдері ағылшын тәсіліндегі аукционға шығарылатын болды. Аукцион өткізудің астарында “Астананың жарамды жерлері тек байлар үшін” деген пікірлер айтылуда.

Астанада 1998-2004 жылдар аралығын,да жеке тұрғын үй салу үшін 23 мыңға жуық адам өтініш берген. “Олардың бәрінің бірдей өтінішін қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен де комиссия шешімімен жер телімдерін ағылшын тәсілі бойынша аукцион арқылы сатуды жоспарлап отырмыз. Ал бұған дейін өтініш білдірген азаматтардың мекен-жайлары бойынша “сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмады” деген жауап хат жіберіледі”, -дейді Қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің “Астана-жер” еншілес кәсіпорыны жер телімдерін табыстау, құжаттамаларын дайындау бөлімінің бастығы Берік Жұманазаров.

Осыған байланысты қарапайым жұртшылықтың пікірін білген едік. Олар “біз үшін аукционға қатысып, жер алу өте қиын. Ол тек байлардың өздері үшін жасалып отырған дүние дейді.

Ал ҚР парламенті Сенатының депутаты “Ақшасы жоқ адамдардың аукционға қатысып несі бар. Олар ертең үй сала алмайды. Ақшасы барлар алсын. Жерді аукцион арқылы сату дқрыс нәрсе” деп есептейді. Қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің “Астана-жер” еншілес кәсіпорыны жер телімдерін табыстау, құжаттамаларын дайындау бөлімінің бастығы Берік Жұманазаровтың айтуынша, аукционға өнеркісәп-азаматтық мақсаттағы құрылыс нысандары үшін 16, жеке тұрғын үй салушыларға арналған 118 жер телімі шығарылады екен. Астана қаласында бір шаршы метр жердің кадастрлық құны 2000 мың теңгенің аумағында бекітілген. Аукционға шығарылған кезде оған сол аумақтың инфрақұрылымының бағасы қосылмақ.
XS
SM
MD
LG