Accessibility links

«Начнем с понедельника» газетіне қатысты сот шешімі кейінге қалдырылды


Шілденің 5-сі күні Алматы қаласының әкімшілік сотында «Начнем с понедельника» газеті бас редакторының үстінен шағым берген республика ақпарат министрлігінің талабы бойынша кезекті сот отырысы болып өтті. Құзырлы орган орыс тілді басылымды Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заң талаптарын бұзды деген айып тағып отыр. Газет басшылығы болса, бұл әрекетті алдағы қыркүйек айында өткелі отырған мәжіліс сайлауы қарсаңындағы кезекті саяси ойын деп бағалайды. Тақырыпты Алматылық тілшіміз Нұрбол Ғабдылхамит толықтырады.

«Начнем с понедельника» газеті мен ақпарат министрлігі арасындағы сот мәжілісіне журналистер бұл жолы да жіберілген жоқ. Бұған осы сот ісі туралы материал дайындамақ болған тілшілер қауымы наразылық білдірді. Естеріңізге сала кетейік, құзырлы орган орыс тілді «Начнем с понедельника» газетін «қазақ тілінде бет шығарды, Ресейдің «Новая газета» материалдарын аударып басты және мемлекеттік кітап палатасына күнделікті шығарылған нөмірлерін дер уағында жеткізіп отырмады» деп кінәлаған-ды. Басылымдағы қазақ беттерін шығарып жүрген журналист Гүлмира Тойболдина мемлекеттік тілдің де саяси ойын құралына айналып кеткені ме деп қынжылысын білдірді.

Гүлмира Тойболдина, «Начнем с понедельника» газетінің тілшісі:

-

Мұның астарында да саясат жатыр. Біреу өзінің мүддесін көздеп пайдаланып отыр деп ойлаймын. Кімге жақпай қалғанын ешкім айта алмайды. Оны айтудың да қажеті жоқ меніңше. Мына сайлаудың алдында саяси технология деген бар. Соған байланысты да болуы мүмкін. Бірақ та мұның себебі қазақ тілінде болғаны өте өкінішті. Тырнақ астынан кір іздеп отыр. Бұл сайлаудың алдындағы кезекті бір ойын сияқты нәрсе. Сайлаудың алдында біз шыны керек қазақ беттерінде Ғ.Жақиянов туралы көбірек жазып жібердік.



Бір сағатқа созылған сот отырысынан шыққан газеттің бас редакторының орынбасары Әбдіқазақ Көпбаев басылымға ақпарат министрлігі тағып отырған айыптардың барлығы да негізсіз деп санайды. «Ресейлік газеттің материалдарын көшіріп басу жөнінде екі басылым арасында келісім-шарт жасалынған. Біз Ресей жаңалықтарын, олар біздің республикадағы маңызды ақпараттарды жариялап отырады. Ал мемлекеттік кітап палатасына газетті жеткізіп отырмады деген айыбы тіпті күлкі шақырады» дейді бас редактордың орынбасары Әбдіқазақ Көпбаев.

Әбдіқазақ Көпбаев, «Начнем с понедельника» газеті бас редакторының орынбасары:

-

Біздің қызметкерлер, жаңағы тарататын бөлім бастығы, сосын түнгісін істейтін 4 шопыр солар таңертеңгісін сағат 7-8-дің кезінде күнде апарып астындағы вахтағы беріп кетеді. Тоғыз жарым жылдан бері беріліп келе жатқан газет міне соңғы 5 айда берілмей қапты. Бұл тағып отырған айыптың үшеуіне де келісе алмаймыз. Заңды түрде тіркелген «Бірлік», «Ақжол», «ДВК» толып жатқан партиялардың төрағалары біздің газет арқылы жазатынын жазып, айтатын ойын халыққа жеткізіп жатқан газеттің бірі. Сол мына келе жатқан сайлауға байланысты жауып тастауы да мүмкін. Мына сайлау біткенше.

Ал басылым басшысын сотқа беріп отырған ақпарат министрлігінің Алматы қалалық басқармасының бас маманы Қазыбек Есімов қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Сот мәжіліс залынан шыққан Есімов мырзаны журналистер қарша бораған сауалмен мәшинесіне дейін шығарып салды.

Қазыбек Есімов, Алматы қалалық ақпарат басқармасының бас маманы:

-

Жоқ, жоқ. Жігіттер қойыңдаршы.

-

Неге, сіз жауап беруге міндеттісіз ғой.

-

Жоқ, жо-жоқ. Без коментариев, пока.

Сөйтіп, «Начнем с понедельника» газеті мен ақпарат министрлігі арасындағы дүйсенбі күні жалғасқан сот мәжілісінде судья Елемесова министрлік өкілі Қазбек Есімовтің өкілеттігін куәлендіретін құжатын сот ісіне тіркеуге алып, кезекті сот мәжілісін сәрсенбі, шілденің 7
XS
SM
MD
LG