Accessibility links

Журналист мамандығын таңдаған талапкерлер біріңғай ұлттық тестіден алған баллдарына шығармашылқ емтиханнан қосымша балл қосуы қажет

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Республиканың жоғары оқу орындарына талапкерлерден құжаттар қабылдау шілденің 10-ында аяқталады.

Сурет графика, бейнелеу өнері, журналистика секілді мамандықтарды қалаған талапкерлер біріңғай ұлттық тестіден 40-тан төмен балл жинаған жағдайда шығармашылық емтиханға жіберілмейді.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі осындай ақпарат таратып отыр.

Кейбір мамандықтар бойынша ерекшеліктердің барын айта кеткен жөн.

Мәселен, журналистика мамандығын таңдаған талапкерлердің біріңғай ұлттық тестілеуден жинаған жалпы балының қазақ тілі мен тарихы бойынша балы есепке алынады. Ал, грант пен несиеге қол жеткізу үшін талапкер жазбаша шығарма және ауызша емтиханнан қосымша балл жинауы тиіс болуда.

Бұл орайда жалпы жинаған балл есепке алынбаса, біріңғай ұлттық тестіні негізгі мамандыққа қатысты пәндерден тапсыраған жөн еді деген пікірлер айтылуда.

Ол жайында оқуға құжат тапсырғанда бір-ақ білгендер де бар.

Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің орыс бөліміне құжат тапсырдық. Бұл мамандыққа математиканың қажеті жоқ. Бірақ бір жыл бойы осы пәннен оқытушы жалдап, қыруар қаржы кетірдік. Алайда, біріңғай ұлттық тесті бойынша жалпы жинаған баллдан тек екі пәннің балы есептеледі екен, дейді Оңтүстік Қазақстан облысынан келген талапкердің анасы.

Қызым біріңғай ұлттық тесті бойынша төрт пәннен 97 балл жинады. Бірақ бір мамандыққа ғана тапсыра алады екенбіз. Біз оны осы жерге келіп білдік. Соншама балл жинағанда талапкердің бір мамандыққа мүмкіндігі болуы дұрыс емес.Бұл да алаңдатып тұрған мәселе, дейді Оңтүстік Қазақстан облысынан келген талапкердің анасы.

Семей өңірінен келген Бекзат журналистика мамандығы үшін тіл мен тарих пәндерінің есепке алынатынын алдын-ала білгенін айтады. Сондай-ақ Бекзат журналистика мамандығын қалағандардың біріңғай ұлттық тесті бойынша жинаған жалпы балының толық есепке алынбауын қош көрмейді.

Гүлнәз есімді талапкер журналистка мамандығына түсу үшін төртінші пән ретінде әдебиетті белгілегенін, алайда бұл мамандыққа қазақ тілі мен тарихынан жинаған балымның есепке алынатынын құжаттарды тапсырғанда білдім, дейді.

Қалай дегенмен де талапкерлер қосымша шығармашылық емтихандарда жинайтын баллдары алға қойған мақсаттарының орындалуына жеткізеді деген үмітте.

Олардың ата-аналары бұл мамандықты таңдағандардың біріңғай ұлттық тест бойынша тек тіл мен тарихтан алған баллдарының есебі алынып, қалған баллды шығармашылық емтихандардың үлесіне қойылғанына алаңдашылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG